Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік "Тобылдың" "Ордабасыға" қарсы бір ойыншыға кем ойнағаны жайлы пікір білдірді:
"Менің ойымша, "Тобылға" бұл ойында толық құраммен ойнаса да, ұпай алуы қиын болатын еді. Себебі, команда да қазір "спад", ол ашық көрініп тұр. Қорғаныста мәселе бар, ортада мәселе бар, Асхат Тағыберген жалғыз өзі сүйрей алмауда команданы", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік Семейде өткен ойынның трансляциясына риза екенін айтып өтті:
"Трансляцияға қарасақ, бүгін "Елімай" мен "Жеңістің" ойынын сүйсініп көрдім. РПЛ-дің (Ресей Премьер-лигасы) ойынын көргендей болдым. Трансляция жақсы болса, экран алдындағы сурет әдемі болса, кәдімгідей адамды баурайды екен. Сол ойынның режиссері де, операторлары да мықты мамандар екен", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің оныншы турына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар "Жеңіс" клубының Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққанын атап өтті:
"Жеңіс", менің ойымша, Еурокубокке шығудың төте жолын тапты. Жартылай финалға жолдама алды. Енді, әрине команданың ойы кубоктық ойынға да бөлінетінін секілді", – деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің оныншы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Қайрат" ойыншысы Азамат Тұяқбаевтың ойынын ерекше атап өтті:
"Тұяқбаевтің ойынына тоқталуымыз керек. Шыныменде, Азамат ойынға қосалқы құрамнан легионерлер деңгейінде қосылып, ойынды жандандырды. "Ордабасыда" Жасұлан Әмір мен Мағжан Тоқтыбай шығып жатыр, "Қайратта" Тұяқбаев сияқты ойыншылар алаңға шығып жатқаны, менің ойымша Қазақстанның кішігірім жеңісі деп ойлаймын", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің оныншы турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы Бек Шмат "Қайрат" клубы Еуропада ойнаған бірнеше ойыншымен келісімге келгенін айтты:
"Бүгін ғана сол жақтан әңгіме естіп келдім. Рас өтірігін алдағы уақыттың еншісінде. "Қайрат " төрт ойыншымен келісімге келген екен. Екеуі Ла Лигада, біреуі Бундеслигада және тағы біреуі Грекия чемпионатында ойнайды екен. Және де маусым айында трансферлік терезе ашылғанда Себальоспен қоштасады екен", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст қонағы Бек Шмат "Жеңіс" қорғаушысы Ардақ Сәулеттің ойынын ерекше атап өтті:
"Елдос аға, ойында болдыңыз. Ардақ Сәулет менің ойымша ойынды өте керемет деңгейде өткізді оң қапталда да, ортада да жақсы ойнады, бір рет допты бос қақпадан алып шықты", – деді Бек Шмат.
Елдос Ахметов те қазақстандық ойыншының астаналық ұжымдағы үздіктердің қатарында екенін айтты:
"Ардақ Сәулет"Жеңістің" үздік ойыншыларының бірі. Біздер, Талғат Байсуфинов бастаған бапкерлік штаб арнайы осы ойынды бірге көрдік", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар "Ордабасы" бапкері Андрей Мартиннің 4 матчқа шеттетілгені тым көп екенін атап өтті:
"Андрей Мартинге берілген 4 матч дисквалификациясы тым көп деп ойламайсыздар ма? 4 матч тым көп. Енді"Ордабасы" басшылығы аппелияция беріпті. Шамасы, "Қайрат" матчына Андрей Мартинді алаңның шетінде көріп қалармыз", – деді Әлімжан Асқар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Ордабасы" - "Жетісу" ойынында болған даулы эпизодқа өз пікірін білдірді:
"Төреші өзін сақтап қалды деп ойламайсыздар ма? Төреші сол сәтте ысқырып, өз өзін сақтап барып пенальти берді. Өйткені бұның алдындағы эпизодтарда, ойындарда көп даулы сәттер болып жатты ғой", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Ордабасы" - "Жетісу" ойынына талдау жасады:
"Бұл ойында Сергей Малый нағыз капитандық қызмет атқарды. Өзіне сеніп, 90 минутта алдыға жүгіріп, Серхио Рамос секілді шабуылдап, баспен соққы жасады. Сергеймен екеуміз құрдаспыз. Мен бәлкім сәл кәрі көрінетін шығармын (күліп)", – деді Елдос Ахметов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Олжас Байбосын "Астананың" жас шабуылшысы Мақсат Абраевқа қатысты өз ойын айтты:
"Абраевтың жеке техникасына тәнті болғаным соншама, қорықпайды екен ғой ол. Допты жоғалтып алып та жатты, бірақ тәуекелге жиі барып жатты. Доптан айырылса да, екі минуттан кейін доппен дәл солай жасап жатты. Ауызы күйген үрлеп ішеді демекші, жастарға ондай нәрсе өтпейді екен", – деді Олжас Байбосын.