Podcast

41 days ago 29.05.2026
ҚПЛ-2026 Қайрат ФК Ордабасы ФК Алмат Бекбаев ҚПЛ жаңалықтары
Алмат Бекбаев: "Қайрат" ойынды жақсы бастады
Автор
Fonteam редактор
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.

Подкаст қонағы, экс-қақпашы Алмат Бекбаев "Ордабасы" - "Қайрат" ойынына қатысты пікір білдірді:

"Қайрат" ойынды жақсы бастады. Алғашқы 5-10 минут басымдыққа ие болды. Соның арқасында алғаш болып есепті де ашты. Жоржиньо әдемі гол соқты ", – деді Алмат Бекбаев.

44 days ago 26.05.2026
Чемпиондар лигасы Елдос Ахметов ПСЖ Арсенал Болжам
Елдос Ахметов: ПСЖ қағаз жүзінде мықтырақ көрінеді
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов финалдық ойынға өз болжамын жария етті:

"Мен де Әлеке секілді "Арсеналдың" жеңгенін қалаймын. "Арсенал" АПЛ-ді алды, енді Чемпиондар лигасын алса... Бірақ статистикаға сүйенсек, ПСЖ қағаз жүзінде мықтырақ болып тұр. Бірақ доп домалақ, бәрі болуы мүмкін. Стандарттық жағдай шешіп кетуі мүмкін. Бірақ ПСЖ сонда да өзінікін істеп кетеді деп ойлаймын. Есеп қандай болады? ПСЖ бір-екі доп айырмашылығымен жеңеді", – деді Елдос Ахметов.

44 days ago 26.05.2026
Чемпиондар лигасы Елдос Ахметов ПСЖ Арсенал
Витинья әлде Райс? Елдос Ахметов таңдау жасады
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Витинья мен Деклан Райстың арасында таңдау жасады:

"Витинья да, Деклан Райс та шабуылды бастайтын футболшылар. Позициясы бір, бірақ функциялары әртүрлі. Витинья қысқа паспен ойнайды, ал Деклан Райс керісінше ұзын пасты жақсы береді. Сол себепті, оларды салыстыру қиын", – деді Елдос Ахметов.

44 days ago 26.05.2026
Чемпиондар лигасы Елдос Ахметов Ширек финал ПСЖ Арсенал Хвича Кварацхелия
Елдос Ахметов: Хвича финалдық ойынның жарқын жұлдызы болады
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов ПСЖ шабуылшысы Хвича Кварацхелия жайлы өз пікірін білдірді:

"Хвича индивидуалды түрғыда осы финалдық жарқын жұлдызы болады деп ойлаймын. MVP болуы мүмкін. Өздеріңіз де білесіздер, жоқ жерден өзіне мүмкіндік жасап, сол мүмкіндікті 100% орындап кететін футболшы", – деді Елдос Ахметов.

44 days ago 26.05.2026
Чемпиондар лигасы Ерсін Ерік ПСЖ Арсенал
Ерсін Ерік: "Арсенал" финалда жеңеді
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік финалдық ойында "Арсенал" жеңіске жетеді деген пікір білдірді:

"Былтырғы финал қайталанбайды, 5:0 болмайды. "Арсенал" осы финалда жеңіске жетеді деп ойлаймын. Финалдың потологын қойған "Реал", екі рет жеңіп қатарынан. ПСЖ екінші рет қатарынан жеңеді дегенге сене алмаймын өз басым", – деді Ерсін Ерік.

44 days ago 26.05.2026
Чемпиондар лигасы Ерсін Ерік ПСЖ
Ерсін Ерік: "Луис Энрикені мойындадым"
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалы алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік ПСЖ бапкері Луис Энрикеге қатысты пікір білдірді:

"Луис Энрикеге таң қаламын. Бұл командада Лионель Месси де ойнады, Неймар да ойнады, Мбаппе де ойнады. Бірақ олармен жасай алмаған нәрсені өзі жаңадан команда құрады. Дуэ, Жоао Невеш дегендер жұлдыз емес еді ғой. Нуно Мендеш, Хвича... Мойындадым Луис Энрикені", – деді Ерсін Ерік.

46 days ago 25.05.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Астана ФК ҚПЛ жаңалықтары Рамазан Кәрімов
Елдос Ахметов: "Рамазан Кәрімовқа тұрақтылық керек
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Астана" шабуылшысы Рамазан Кәрімов жайлы пікір білдірді:

"Рамазанның кезінде "Мақтааралда" ойнаған ойынын іздейміз ғой. Бірақ бұл жерде тағы бір нәрсені ескеруіміз керек. Ол ойын стилі, "Астанада" ойын стилі өзгеше. Рамазан "столб" болып ойнайды ғой. Сол себепті де ол бір ойынды жақсы ойнайды, ал екінші ойында сәл ойыны жүрмей қалады. Менің ойымша, бұл балаға тек тұрақтылық керек", – деді Елдос Ахметов.

46 days ago 25.05.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Оқжетпес ФК ҚПЛ жаңалықтары
Елдос Ахметов: "Оқжетпес" мақтарға тұрарлық команда
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Оқжетпес" командасының ойынын ерекше атап өтті:

"Оқжетпес" қазір мақтарға тұрарлық команда. "Ордабасы" жеңе алмаған "Алтайды" дәл осы "Оқжетпес" жеңді ғой. Олар өз мүмкіндігін асықпай стандарттық жағдайдан күтеді. Команда бүкіл бағыт-бағдарын стандартқа қойған", – деді Елдос Ахметов.

46 days ago 24.05.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Елімай ФК ҚПЛ жаңалықтары Легионер Фессу Плакка
Елдос Ахметов: "Плакка ҚПЛ-дегі үздік легионерлердің бірі
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Елімай" шабуылшысы Фессу Плаккаға қатысты өз пікірін білдірді:

"Плакка деген, әрдайым айтатынмын, Қазақстан біріншілігіндегі үздік легионерлердің бірі. Өйткені шеберлігі шынымен жоғары деңгейде бұл ойыншының", – деді Елдос Ахметов.

46 days ago 24.05.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Ордабасы ФК ҚПЛ жаңалықтары Жасұлан Әмір
Елдос Ахметов: "Андрей Мартин Жасұлан Әмірді физикалық деңгейде жақсы дайындады"
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Жасұлан Әмірдің ойынына жеке тоқталып өтті:

"Бұл бала қазіргі таңда"Ордабасының" бетке ұстар ойыншыларының бірі. Неге 90 минут ойнай бастады? Себебі, бас бапкер (Андрей Мартин) жайлап дайындады Әмірді. Бастапқы минуттан ойната берсе, жарақат алып қалу қауіпі болар еді. Басында 30 минут ойнатты, сосын бір тайм ойнатып отырды, енді міне 90 минут ойнатып, Жасұлан екі гол соқты", – деді Елдос Ахметов.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11