Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Олжас Байбосын "Ордабасы" осы жылы чемпион болса, келесі жылы клубта үлкен трансферлер болады деп айтты:
""Ордабасы" чемпион болатын болса, келесі жылы Чемпиондар лигасының бірінші этапында өнер көрсетсе, адам сенбейтін футболшылар келеді (клубқа). Реальный трансферлер болады. "Ордабасы" жеті миллионға бір шабуылшыны "Брюггеден" алды деген жаңалықтар болады", – деді Олжас Байбосын.
Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Олжас Байбосын "Қайраттың" былтырғы жылы Чемпиондар лигасына шыққаны сәттілік деді:
"Былтырғы құрам да Чемпиондар лигасын тартатын құрам емес еді ғой. Чемпиондар лигасындағы нәтижесімен-ақ дәлелдеді ғой. Былтыргы "Қайраттың" шығуы (Чемпиондар лигасына)... Фарт дейді ғой, сондай бір... Сәттілікке балап қоюға болады", – деді Олжас Байбосын.
Фонтимның кезекті шығарылымында "Қайраттың" "Андерлехтке" ойсырай ұтылғаны жайлы подкаст резиденті Ерсін Ерік пікір білдірді:
"Таяқтың екі ұшы бар. Бір жағынан "Қайратты" түсінгім келеді. Ойлап қарасақ, Қазақстандық ешқандай бапкер жоқ осындай. Команданы чемпиондыққа үшінші маусым қатарынан сүйреп жатыр, екі маусымда чемпион болды. Және былтыр Чемпиондар лигасына шығарды клубты, биыл Конференция лигасына шығарды. Бұл жерде құрамды сынап отырмыз, Оразбахтинның алдында топ-футболшылар жоқ. Африконы, Юкколаны, Оксаненды топ-ойыншылар деп атай алмайсың. Мәселе Оразбахтинде емес, мәселе клубтың селекциялық жұмыстарында", – деді Ерсін Ерік.
Фонтим резиденті Бек Шымат Азамат Тұяқбаевқа қатысты өз пікірін білдірді:
"Осы сәтте қоса кетсем... Тұяқбаев соңғы рет 23 мамыр күні негізгі құрамда алаңға шыққан екен. Кеше мысалы, Лев Кургин мен Луиш Мата сол қапталда шығып ойнап жүр екеуі соңғы ойындарда. Немесе, Юккола шығады сол қапталға... Тұяқбаевты бір рет основаға шығаратын уақыт келді ғой негізінде. Төрт ай болды осымен, 15 минут, 18 минут, 20 минут шығады, бір таймға шығады дейікші енді максимум. Кешегі Оразбахтинның айтқан мәселесі бапкер айтатын мәселе емес, пресс-конференцияда айтатын мәселе емес. Жалпы, 18 жастағы баламен бала болмауы керек еді негізі", - деді Бек Шымат.
Фонтим резиденті Ерсін Ерік "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтинға қатысты сыни пікір білдірді:
"Бір түсінбейтінім, өткенде де айттық қой "Левскимен" ойын кезінде... Не үшін іштегі мәселені бізге айтты, не үшін мәселені басқа жерде шешіп ойынға назар аудармайды деп. Төрт күн өтті, төрт күннен кейін "Қайрат" "Ұлытауға" қарсы ойын өткізіп отыр. Және, Тапалов та бұл ойында ойнайды, Тұяқбаев та бұл ойында ойнайды, және Тұяқбаев бұл ойында гол соғады. Эдмилсонды негізгі құрамда алаңға шығарады. Оразбахтин барлығын осы жерде керісінше істеп жібергендей көрінеді маған", - деді Ерсін Ерік.
Фонтим жүргізушіаі Әлімжан Асқар "Қайраттың" Еуропа лигасындағы қарсыласы "Андерлехттен" өту өте қиын екенін болжады:
"Андерлехт" деген "Қайраттың" осы іріктеу кезеңіндегі ең қиын қарсыласы болып тұр ғой. Жалпы, "Омония"-дан дп, "Сутьеска"-дан да мықты ғой әрине. Сондықтан, шамасы... Конференция лигасы шығар деп қорқып отырмын негізі. "Андерлехттен" өту жаман қиын сияқты", - деді Әлімжан Асқар.
Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Қайраттың" ойын тактикасын түсінбегенін айтты:
"Ойын жайлы айтатын болсақ, "Қайраттың" қандай жүйеде ойнап жатқанын түсінбедім. Кім қандай орында жүргенін түсінбедім. Схема, система, ойынға қойылған установка. Соның бәрін менің ойымша ойыншылар түсінген жоқ. Жүйелі ойынды керісінше, "Левскиден" көрдім, тамсанып қарадым ойынын. Ойын жүйесін толық орындады есепке қарамастан", – деді Елдос Ахметов.
Фонтим резиденті Ерсін Ерік "Қайратқа" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде нәтиже беретін бапкер керек екенін айтты:
"Менің айтатыным, Рафаэль Оразбахтинды, былтыр Чемпиондар лигасына шығарып берді, бірақ ол жақта нәтиже 0. Енді біз тағы сол жаққа шықсақ, былтыр да сондай әңгіме болды ғой. Бізге тек қана шығарып қана қоймай, ол жақта нәтиже көрсететін бапкер керек. Ол жақта ойыншы ауыстыратын сәттер бар, тактикалық жүрістер бар. Былтыр енді соған шамасы жетпегеннен кейін, биыл... Оразбахтин жыл сайын қала бермейді ғой, бір осындай өзгерістер жасау керек еді деп ойлаймын енді", – деді Ерсін Ерік.
Фонтим резиденті Ермұхамед Мәулен "Қайрат" клубына жаңа тәжірибелі бапкер керек екенін алға тартты:
"Роджер Шмидт секілді бапкер керек. "Бенфикамен" Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін барған мысалы. Сондай адам керек. Жалпы бапкерді таңдар кезде бес критерийлер бар: клубтық деңгейде ойнаған, өз елінде чемпион болған немесе екінші орын алған, жалпы жүлде ұтқан, кубок суперкубок секілді: екіншіден, еурокубоқтық тәжірибесі бар бапкер қажет. Шамамен, осындай стандарттарға сай болуы тиіс бапкер," – деді Ермұхамед Мәулен.
Фонтим резиденті Ермұхамед Мәулен "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтинға қатысты пікір білдірді:
"Қорғаныстың түрі анау, не шабуылшыны шығармайды. Не масқара анау? Оразбахтин деген бапкерді неге Қайрат Советайұлы Боранбаев ауыстырмайды басқа бапкерге? Дубльдің бас бапкері болатын адам ғой Оразбахтин, при всём моем уважении. Мен өткен жылы айтқанмын, қазір де айтамын. Замена жасай алмайды, әлі күнге шейін", – деді Ермұхамед Мәулен.