Podcast

about 17 hours ago 08.10.2026
Әлімжан Асқар Ұлттық құрама Джон Ван'т Шкипп
Әлімжан Асқар: Ван'т Шкипп ұлттық құрама ойыншыларын танымайды
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Фонтим резиденті Әлімжан Асқар ұлттық құрама бапкері Джон Ван'т Шкипптің өз ойыншыларын танымайтынын айтты:

"Джон құрамды танымайды ғой. Кеше баспасөз мәслихатында Самородов, Ғалымжан Кенжебек дегенде: "Ғалымжан Кенжебек деген кім еді?" – дейді. Мысалы, осы дұрыс па? Үш ай болды жұмыс істеп жүргеніне", – деді Әлімжан.

9 days ago 30.09.2026
Ерсін Ерік Рамазан Кәрімов Ұлттық құрама Ұлттар лигасы
Ерсін Ерік: Рамазан Кәрімов алдағы бес жылда негізгі шабуылшы болуы тиіс
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Фонтим резиденті Ерсін Ерік ұлттық құрама шабуылында қай ойыншы ойнау керек екенін айтты:

"Кәрімов алдағы бес жыл ұлттық құрамада ауыспай ойнау керек. Шушеначев те ренжімесін, Айбар да ренжімесін. Абат? Абат праймға келсе, онда болады (күліп). Абат жасарын жасап қойған. Рамазан Абаттың деңгейіне алдағы бес жылда жетуі мүмкін. Кәрімовтың голы - Харри Кейнның стилі таза", – деді Ерсін Ерік.

9 days ago 30.09.2026
Ерсін Ерік Ұлттық құрама Ұлттар лигасы Арсен Әшірбек Словакия
Ерсін Ерік: Әшірбек "Реал" мен "Барса" деңгейінде ойнады
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Фонтим резиденті Ерсін Ерік ұлттық құрама қорғаушысы Арсен Әшірбектің ойынын бағалады:

"Маған Әшірбек ұнады. Әшірбек бүгін топ болды, "Реал"-"Барсаның" деңгейінде ойнады. Не жазсаңдар да, жаза беріңдер, бірақ Әшірбек маған ұнады", – деді Ерсін Ерік.

9 days ago 30.09.2026
Ерсін Ерік Ұлттық құрама Ұлттар лигасы Джон Ван'т Шкипп Словакия
Ерсін Ерік: Ван'т Шкипптің таңдаған құрамы ұнады
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Фонтим резиденті Ерсін Ерік ұлттық құраманың бас бапкері Джон Ван'т Шкипптің Словакияға қарсы негізгі құрамына қатысты өз пікірін білдірді:

"Бүгінгі ойын ұнады. Негізгі құрамды көрген кезде таң қалдым. Неге Ван'т Шкипп бұндай құрам таңдады деп ойладым. Енді, бапкер алғаш рет келген кезде, өз статусын ойлап, тек негізгі ойыншыларды шығарады ғой, бастысы ірі есеппен қадалып қалмасақ болды деп. Жоқ, ол келеді де, Бекболатты, Кәрімовты, Басмановты, Әшірбекті шығара салады негізгі құрамда. Ондай бұрын болмаған, ондайды істемеген шетелден келген бапкерлер", - деді Ерсін Ерік.

11 days ago 27.09.2026
Ерсін Ерік Ұлттық құрама Фарер аралдары Ұлттар лигасы
Ерсін Ерік: Фарер аралдары мен үшін әлсіз құрама
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Фонтим резиденті Ерсін Ерік Фарер аралдарымен тең ойнағанды жетістік деп санамайтынын ашық айтты:

"Фарер аралдары, жалпы, іріктеуден-ақ көріп жүрміз ғой. Сондай бір әлсіз құрама деп бағалаймын оларды. Олар қанша жерден Чехияны немесе басқаны жеңсін... Фарер маған әлсіз команда. Сандарға қарасам, фаворит - Фарер аралдары... Жындыма деп қоямын, біз ғой фаворит негізі. Біз ғой фаворит негізі, бірақ біз олармен тең ойнағанымызды жетістік көріп отырмыз", - деп түйіндеді Ерсін Ерік.

12 days ago 27.09.2026
Ерсін Ерік бапкер Ұлттық құрама Фарер аралдары Ұлттар лигасы Джон Ван'т Шкипп
Ерсін Ерік: Бізде футболды дамытатын бағдарлама жоқ
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Фонтим резиденті Ерсін Ерік ұлттық құрамаға не жетіспейтін айтты:

"Бізде қандай бағдарлама бар? Мысалы, Фарер аралдарында бар. Бүрын, жаңа айтып отырсыздар, жеті ойын жеңілетін болса, қазір біреуін ғана жеңіледі. Футболды дамытып жатыр, академиясын қарастырып қойған. Өздері 50 мың ғана халық болғандықтан, басқа мамандық иелерін сүйреп әкеліп, футбол ойнатады. Нәтижесінде, жетістік бар. Ал бізде бағдарлама жоқ, бапкер бір айға ғана келді. Ол бапкердің түк жетістігі жоқ былайша айтқанда (Ван'т Шкипп жайлы). Жарайды, "Аякста" болған, Грекияда болған, Арменияда... Кройффтың жүйесінде істеген, мақұл, еуропалық бапкер. Бірақ еуропалық көзқарасты бүгінгі ойында көрмедім", - деді Ерсін Ерік.

12 days ago 27.09.2026
Алмат Бекбаев Ұлттық құрама Фарер аралдары Ұлттар лигасы
Алмат Бекбаев: Фарер аралдары баяғыдай оңай қарсылас емес
Автор
Fonteam редактор
Автор

Фонтим арнасының кезекті шығарылымында подкаст қонағы Алмат Бекбаев ұлттық құраманың Фарер аралдарына қарсы өткен матчы жайлы өз пікірін білдірді:

"Ойын туралы не айтсақ болады, статистиканы қарадым. Фарер аралдары баяғыдай нашар команда емес, оларда қосқан. Қазір оларды өту оңай емес, соңғы ойында 2025 жылы Қазақстанды ұтты, 1:0. Черногория мен Чехияны да ұтқан еді", - деді Алмат Бекбаев.

20 days ago 19.09.2026
ҚПЛ-2026 Ордабасы ФК Әлімжан Асқар
Әлімжан Асқар: "Ордабасы" 90%-ға чемпион
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Фонтим жүргізушісі Әлімжан Асқар ҚПЛ-дің чемпионын атады:

"90%, "Ордабасы" чемпион болып тұр ғой, тіл көзден сақтасын, бірақ шымкенттіктердің мүмкіндіктері өз қолында болып тұр ғой", – деді Әлімжан Асқар.

20 days ago 19.09.2026
ҚПЛ-2026 Қайрат ФК Астана ФК Әлімжан Асқар Алмат Бекбаев ҚПЛ жаңалықтары Темірлан Анарбеков Шерхан Қалмырза
Алмат Бекбаев: "Астананың" голы - Шерхан Қалмырзаның қателігі
Автор
Fonteam редактор
Автор

Фонтим арнасының кезекті шығарылымында подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар эфир барысында ұлттық құраманың экс-қақпашысы Алмат Бекбаевқа қоңырау шалды. Тәжірибелі қақпашының айтуынша, Рамазан Кәрімовтың голында Шерхан Қалмырзаның қателігі бар:

"Рамазан Кәрімов баспен ұрғанда сәл қателік болды позиция жағынан. Ортада тұрғанда жетер еді. Ортада тұрса, допқа жетер еді, алар еді допты", - деді Алмат Бекбаев.

20 days ago 19.09.2026
Қайрат ФК Бек Шмат Рафаэль Оразбахтин
Бек Шымат: Анарбеков пен Мендонсаны жазалау - қате шешім
Автор
Fonteam редактор
Автор

Фонтим резиденті Бек Шымат "Қайрат" бапкері Рафаэль Оразбахтинның "Астанаға" шығарған негізгі құрамына күмән келтірді:

"Былтырғы жетістігіне Рафаэль Радикұлының ризамыз ғой бәріміз де. Әлі де ойлайтын сияқты, мен Қазақстандағы ең танымал, ең назарда көп жүрген бапкермін деп. Өйткені, "Тобылға" қарсы ойында қателік жіберген екі ойыншы бар ғой, Анарбеков және Мендонса. Екеуін де алып тастады ғой, жазаладым деп ойлады. Бірақ жазалайтын кезде, алдағы күнтізбеге қарау керек қой. Алдағы ойын кіммен, кімге қарсы, қай алаңда ойнайды", - деп айтты Бек Шымат.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22