Фонтим жүргізушісі Әлімжан Асқар "Астана" - "Қайрат" матчында қызыл қағаз алған Әділет Сәдібековке қатысты пікір білдірді:
"Қызыл қағаз әділ ғой 100%. ВАР-ды қарады, аяқтың қай жерге тигенін қарады, одан кейін төреші де көрсетті қай жерге тигенін. Тевяшовқа (ойынның бас төрешісі) еш әңгіме жоқ. Әңгіменің барлығы Әділет Сәдібековқа болуы керек", - деді Әлімжан.
Фонтим резиденті Дидар Есімов келесі турда "Қайрат" "Астананы" жеңеді деген болжам айтты:
"Қайрат" "Астананы" айырып алады, без шансов. Бұлай ойнамайды олар ертең Астанада, "Тобылмен" ойнағандай. "Тобылды" сәл недооценка жасады олар, жігермен мінезбен ойнайды деп ойламаған сияқты "Қайрат" "Тобылды". "Астанамен" кәдімгі принципиалды текетірес деп отыр ғой "Қайрат", - деді Дидар Есімов.
Фонтим резиденті Бек Шымат "Қайраттың" ойыны жайлы пікір білдірді:
"Мынандай ойынмен чемпион болу... Білмеймін. Бүгін чемпиондық ойын көрген жоқпын, мінез көрген жоқпын чемпиондық "Тобылға" қарсы", – деді Бек Шымат.
Фонтим резиденті Бек Шымат "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтинға қатысты сыни пікір білдірді:
"Ойынды қарап отырған кезде, эмоционалды жанып кеткен, қоя салшы деп қолын сілтей салған команданы көрдім. Неге десеңіздер, бір фактор бар сияқты. Алдында Тұяқбаевпен болған жәйт, жарайды, оны бапкердің үлкендігі деп есептейік. Одан бөлек, кеше Широбоковтың қателігі бар. Бапкер айқайлап айқайлап, өзінің қадірін кетірген сияқты. Анарбековты да баспасөз мәслихатында бір сынағаны бар. Білмеймін, тым қатты кетіп қалған сияқты бапкер", - деді Бек Шымат.
Фонтим резиденті Дидар Есімов Чемпиондар лигасының басты фаворитын атады:
"Без приколов, "Арсенал" - Чемпиондар лигасының басты фавориты. Өткен жылғы финалист қой "Арсенал" деген. Басты фаворит, көресіңдер ғой ертең. Әлсіз тұстары жоқ команданың", – деді Дидар Есімов.
Фонтим резиденті Ермұхамед Мәулен алдағы Эль-классикоға болжам жасады:
"Тура ертең, ертең кешке "Барса" мен "Реал" ойнаса, білмеймін енді, 6:0 ма, 7:0 ма қылады. 4:0, "Барса" ұтады. 25 қазанға дейін "Реал" күшейетін шығар, 4:0. "Барсаны" никак ұта алмайды "Реал", – деді Ермұхамед Мәулен.
Фонтим резиденті Дидар Есімов Алтын допты Лионель Месси алады деп есептейді:
"Алтын допты Мессиге беретініне еш күмәнім жоқ. Күмән жоқ, береді, финалға жетті ғой, шапан кигізіп... Ол барады ертең, жылайды", – деді Дидар Есімов.
Фонтим резиденті Ермұхамед Мәулен Чемпиондар лигасының фаворитын атады:
"Манчестер Юнайтед" әншейін жәй бір аяқпен ғана ойнады ("Сабахқа" қарсы). Бруно Фернандеш бір өзі шашып тастай салды. Фестиваль, той, кішігірім мереке. Енді МЮ тағы бір команданы жеңсе, плей-оффқа шығып тұр. Жалпы, биылғы Чемпиондар лигасының фавориты "Манчестер Юнайтед". АПП-ді де жеңеді МЮ", - деді Ермұхамед Мәулен.
Фонтим резиденті Ерсін Ерік ҚПЛ клубтар санын қысқартқан дұрыс деп айтты:
"Негізі биыл, байқайсыздар ма? Бұрыңғы үздіктерге "Оқжетпес" қосылып жатыр, "Елімай" командасы қосылды гонкаға. Негізі, он команда алып қалсаң, қырғын АПЛ болатын сияқты", - деді Ерсін Ерік.
Фонтим резиденті Олжас Байбосын "Ақтөбенің" жұлдызды ойыншысы Луиш Наниге қатысты өз пікірін білдірді:
"Наниге келетін болсақ, қазақ футболына келуі құбылыс болып кетті ғой. Кеше қойдың басын беріп жатты, Ақтөбенің кішкентай көлшік ің жағажайында жүр. Қарапайымдылықтың символы екен ғой", – деді Олжас Байбосын.