Фонтим резиденті Ерсін Ерік "Қайсардың" шабуылшысы Виктор Мозес жайлы пікір білдірді:
"Негізі, Виктор Мозес деген бізге әлі ауыр екен. Керек емес екен, ондай деңгейдегі легионерді бізге әкеліп, тастай салуға болмайды екен. Өйткені, деңгей деген жермен көктей. Біздің өз деңгейіміз бар, ҚПЛ өз деңгейі бар. Виктор Мозес бейімделмей кететін шығар, үш сезон ойнаса да", – деді Ерсін Ерік.
Фонтим резиденті Бек Шымат шымкенттік "Ордабасының" жаңа атауына қатысты өз пікірін білдірді:
"Ордабасыны" "Орда" деп қысқарту... Қазақстанда Орда деген біреу ғана өзі, Қызылорда ғана, сол жақтың тұрғындары да солай айтады Орда деп. Бұл қалай сонда деп кеше қарадым да, "Ордабасы" деген сөз қысқартуға келмейді. Ол бөлуге келмейді, ол футболға, спортқа қатысы жоқ. Ол үш жүздің басын қосқан жер болғаннан кейін Ордабасы болып қалған. Орда деген сөз бір нәрсенің ордасы, Қызылорданы да сондықтан солай айтады қысқартып", – деді Бек Шымат.
Фонтим резиденті Олжас Байбосын "Қызылжардың" "Ордабасыға" қарсы еш қауқарсыз болғанына таң қалғанын айтты:
"Мені "Қызылжар" таң қалдырды, жақсы жағынан емес өкінішке қарай. Керемет ойын болады, текетірес болады деп ойлаған едім. Мүлдем ондай болған жоқ шыны керек. Бір-екі мүмкіндігі болды соңында бірінші таймның, Бекхан алып шықты. Сол Бугре итшілеп жүріп әйтеуір, өзінің моментін өзі тудырып, тепті. Ал "Ордабасы" жылдам гол соғып алды, одан кейін де көп мүмкіндік болды. "Қызылдардың" дәрменсіздігіне таң қалдым", – деді Олжас Байбосын.
Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Қайрат" қорғаушысы Александр Широбоковтың екі матч қатарынан қызыл қағаз алғаны жайлы пікір білдірді:
"Шыны керек, "Қайратта" ойнап жүрген кезімде қызыл қағаз алғанымда, мені Қайрат Боранбаев мырза екі аптаға "Қайраттың" екінші командасына жіберген. Не үшін? Өйткені, тәрбиелеу жұмысынан өттім. Айлығымнан да қысып қалды. Қалтамнан да ұрды ол қызыл қағазым, жаттығудан да айырды негізгі құрамдағы. Жауапкершілікке келіп тіреледі барлығы", – деді Елдос Ахметов.
Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Елімайдың" соңғы нәтижелеріне қатысты өз пікірін білдірді:
"Еурокубоктерден ұшып кетуі себеп "Елімайдың" нашар ойнауына. Ойыншылардың көз жанары кішігірім сөніп қалған секілді. Олардың мақсаты еурокубокте әрі қарай өтіп, 3-4 раундтарға жету болған. Сол сәт ойыншылардың ойынан шықпай, ойыншылардың көз жанары сөніп қалғандай", – деді Елдос Ахметов.
Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Дастан Сәтпаевтың қазақ тілінде сөйлегені қатты маңызды емес екенін жеткізді:
"Да пусть на русском разговаривает. Я не против, пусть играет. Хоть на русском, хоть на английском разговаривает. В принципе, для меня это не важно, для меня важно, чтобы он забивал голы и играл за основную команду "Челси". Я желаю Дастану только успеха, футбольного успеха, футбольного успеха и благополучия. Желаю только здоровья. А то, что он говорит на казахском или на английском меня в принципе не волнует. Он казахстанский футболист и выступает за сборную Казахстана. У нас много таких игроков, которые не знают казахского языка", – деп ойын түйіндеді Ермұхамед Мәулен.
Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Ерсін Ерік "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтинға қатысты пікір білдірді:
"Мынадай сұрақ келеді де маған... Сіздер дейді маған, Оразбахтинды Бірінші лиганың тренеры деп жатырсыңдар дейді, дубльдің тренері деп жатсыңдар дейді. Егер сенің дубльдің тренері деп жатқан бапкерің клубын Конференция лигасына шығарып жатса, басқалары кім онда? Басқалары тренер болмай-ақ қойсын онда", – деді Ерсін Ерік.
Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Ерсін Ерік "Қайраттың" жастары жайлы сөз қозғады:
"Ақыры... Дастан Сәтпаевтай жас ойыншы жоқ екен "Қайратта". Қазіргі құрамында клубтың Исмаил Бекболаттың өзінің белгілі бір деңгейі бар, Азамат Тұяқбаевтың өзінің белгілі бір деңгейі бар. Бірақ, Дастандай бола алмайтынына тағы бір көзім жетті. Бірақ енді осы деңгейді жоғалтпаса, өз деңгейінде белгілі бір жетістікке жететін шығар. Керемет ойынымен ешқайсысы таң қалдырған жоқ, сол "Қайраттың" былтырғы жастары, биыл да тура сондай ойын, деңгейі өсіп кеткен ешкімді көрмедім. Бірақ Исмаил Бекболаттан сәл байқадым", – деді Ерсін Ерік.
Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Ерсін Ерік "Қайраттың" жауапты ойында "Андерлехттен" 0:3 есебімен жеңілгені жайлы пікір білдірді:
"Бұл жерде... Жастарды тексеріп көргені үнады. Матчты өте жақсы бастады "Қайрат", прессингпен бастады. Гол соғатын ондай көп мүмкіндік болған жоқ. Екі рет теуіп көрді, Луиш Мата да шанс болды, Исмаил Бекболат бір рет теуіп көрді, болды. Жаплы енді, Оразбахтинның өзі күтті ғой, мүмкіндік жоқ, бірінші ойын 0:3 болған, сондықтан екінші құрамды ойнатайын деп. Ожидание сондай болды, нәтиже де сондай. "Андерлехт" дәл қазір біздің деңгей емес", – деді Ерсін Ерік.
Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Олжас Байбосын "Ордабасы" осы жылы чемпион болса, келесі жылы клубта үлкен трансферлер болады деп айтты:
""Ордабасы" чемпион болатын болса, келесі жылы Чемпиондар лигасының бірінші этапында өнер көрсетсе, адам сенбейтін футболшылар келеді (клубқа). Реальный трансферлер болады. "Ордабасы" жеті миллионға бір шабуылшыны "Брюггеден" алды деген жаңалықтар болады", – деді Олжас Байбосын.