Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст резиденті Ерсін Ерік "Қайраттың" жастары жайлы сөз қозғады:
"Ақыры... Дастан Сәтпаевтай жас ойыншы жоқ екен "Қайратта". Қазіргі құрамында клубтың Исмаил Бекболаттың өзінің белгілі бір деңгейі бар, Азамат Тұяқбаевтың өзінің белгілі бір деңгейі бар. Бірақ, Дастандай бола алмайтынына тағы бір көзім жетті. Бірақ енді осы деңгейді жоғалтпаса, өз деңгейінде белгілі бір жетістікке жететін шығар. Керемет ойынымен ешқайсысы таң қалдырған жоқ, сол "Қайраттың" былтырғы жастары, биыл да тура сондай ойын, деңгейі өсіп кеткен ешкімді көрмедім. Бірақ Исмаил Бекболаттан сәл байқадым", – деді Ерсін Ерік.