"Бір қызықты айтайын ба? Мен "Арсенал" фандарымен бірге отырдым ғой матчта. Бұрыштама болған кезде қуанды ғой барлығы кәдімгідей пенальти бергендей. Сосын қасымдағы қазақ баладан сұрадым себебін. Сөйтсем, сондай нәрсе қалыптасып кеткен екен оларда. Бұрыштамаға қуану – антифутбол ғой негізі", – деді Олжас Байбосын.
"Былтырғы финалда үлкен доминация болды деп айтып жатады көпшілік. Бесте нөл болды деп. Бірақ, биылғы финалда доминация оданда жоғары болды деп ойлаймын. Бір гол соғып алып, 120 минут өз айып алаңында жатып алды", – деді Дидар Есімов.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Дидар Есімов ПСЖ клубына қатысты пікір білдірді:
"Біз ПСЖ-ны аз мақтап қойған жоқпыз ба негізі ? Жалпылай қарасақ, маусым бойы керемет перформанс жасады. Менің ойымша, осы маусымда ең үздік ойын көрсеткен "Баварияны" қалай тізе бүктірді... Хвича Кварацхелия Ибрагимовичтің рекордын қайталады, он гол соғып. Усман Дембеле бүгін маусымдағы 20 голын соқты, одан бөлек 10 ассисты да бар", – деді Дидар.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, белгілі ақын Бек Шмат "Арсенал" ойыншыларына тәжірибе жетіспеді деген пікір білдірді:
"Арсенал" сапында жасы бойынша ең үлкен ойыншы Давид Райа болды, 1995 жылғы, одан кейін Эдегор 1998. Олардан кейінгі жігіттердің барлығы 2000-нан кейін туылған. Кай Хаверц мысалға 2001 жылғы. Сол Кай Хаверцтен басқасы финал көрмеген, осындай аураны, атмосфераны көрмеген. Барлық 25 ойыншыны қосып есептегенде, команданың орташа жасы 24 жасты құрайды, 25-ке де жетпейді", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, белгілі ақын Бек Шмат "Арсеналдың" шабуылында неліктен Кай Хаверц ойнағанын түсіндірді:
"Кай Хаверц алаңға не үшін шықты? Ол номиналды шабуылшы болғанымен, гол соққасын Троссар мен Сака алға кеткен кезде, тіпті Эдегор алдыға шығып жүрген кезде, бұл орталық алаңға түсті. Себебі, ортада баспен ойнай алатын, допқа таласатын, корпуспен ойнай алатын ойыншы қажет болды. "Арсеналда бұл ойында тек физика шешті, техника шешкен жоқ. Ал керісінше, ПСЖ-да техника ұрып тұрды", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Чемпиондар лигасының финалына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, белгілі ақын Бек Шмат Букайо Саканың ойынына көңілі толмағанын айтты:
"Бірінші таймда доп Букайо Саканың қолына тиген, сол кезде төреші "Арсенал" қақпасына пенальти беру керек еді. "Арсеналдың" фанаты болсам да, айтайын, бірінші тайм аяқталар тұста доп Саканың қолына тиген. Жалпы өзі де Саканың алаңда жанып жүрді", – деді Бек Шмат.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, комментатор Бексұлтан Кеулімқос "Ақтөбе" клубының сәтсіз ойындары жайлы пікір білдірді:
"Жалпы, "Ақтөбенің" бірінші айналымда неге сәтсіз ойнады деген сұрақтың жауабы жарақаттар сияқты. Себебі, негізгі құрам ойыншылары, легионерлері де құрамда жоқ: Соса, Митрович, Корзун, қапталда Бағдат Қайыров жоқ, Темірлан Ерланов та осы ойынға енді жарақатынан айығып оралды. Жалпы, біраз футболшы жоқ құрамда, соның кесірінен-ақ ойыны жүрмеуде "Ақтөбенің", – деді Бексұлтан Кеулімқос.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, комментатор Бексұлтан Кеулімқос "Оқжетпес" - "Ақтөбе" ойынында болған төрешінің қателігін атап өтті:
""Ақтөбенің" соңғы минутта жеңісті қолдан жіберіп алғаны өкінішті болды. Өйткені, төреші "Оқжетпеске" жоқ жерден айып добын берді. "Оқжетпес " шабуылшысы өз аяғына шалынып, құлаған еді қапталда. Сол айып добынан кейін айып алаңына доп әуелетілді, Ордецтің құлақшекесіне шынтақпен соққы жасалады, төреші фол бермеді. Әрине, кішігірім қателіктер сөзсіз, дегенмен ойын тағдырына әсер етті осы фолдар", – деді Бексұлтан.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, комментатор Бексұлтан Кеулімқос Дидар Есімовтің чемпиондық интригаға қатысты сауалына өз ойын білдірді:
"Маусымның аяқталуына әлі өте ұзақ уақыт бар. ҚПЛ клубтарынан көріп отырмыз ғой, кез келген команда бір бірінен ұпай тартып алып жатыр. "Алтайдың" өзі "Астанадан" ұпай тартып алып жатыр, "Каспий" де "Астананы" жеңді, "Тобыл" быт-шыт болып жатыр. Сол себепті әлі ұпай жоғалтулар алда әлі өте көп болады", – деді Бексұлтан Кеулімқос.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, экс-қақпашы Алмат Бекбаев "Ордабасының" соққан алғашқы голы Темірлан Анарбековтың қателігінен кірді деп есептейді:
""Ордабасының" бірінші голына келсек, "Қақпашы рубрикасы" демекші (күліп), мысалға, соққы жасалды, және гол таза 100% Темірлан Анарбековтың қателігінен кірді деп ойлаймын. Қақпашы ретінде допты қағып алуың керек, болмаса, жұдырықпен басқа жаққа ұрып жіберуің керек. Жатпай-ақ, жәй ғана допты қағып алуы керек еді Темірлан", – деді Алмат Бекбаев.