Podcast

24 days ago 15.06.2026
ӘЧ ӘЧ-2026 Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: әлем чемпионаты Қазақстанға ыңғайсыз уақытта өтуде
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен солтүстік Америкада өтіп жатқан мундиальдің уақыты Қазақстанғп ыңғайсыз деген пікір білдірді:

"Мынау әлем чемпионаты бізге, Қазақстанға ыңғайсыз уақыт екен. Мен үшін қатты байқалып жатқан жоқ, мен онсызда төрт-беске шейін өмір сүретін адаммын. Бірақ басқа адамдар үшін өте нашар уақыт екен. Олар сенбі, жексенбі демалыс күндері болса да, көп матчты көріп жатқан жоқ екен. Және кафе ресторандарды көреміз ғой енді, бірде бір адам футбол көру үшін келіп жатқан жоқ екен. Және де, екінші мәселе... Гаити - Шотландия әлем чемпионатының матчы деп айту өте қиын екен. Сондықтан топтық кезең аяқталып, плей-офф кезеңі басталған сәтте чемпионат қызатын секілді", – деді Ермұхамед Мәулен.

24 days ago 15.06.2026
Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Германия Ермұхамед Мәулен Кюрасао
Ермұхамед Мәулен: немістердің менталитеті ойын тағдырын шешті
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.

Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Германия – Кюрасао матчына қатысты өз пікірін білдірді:

"Немістер бір нәрсені істесе, соңына дейін апармай қоймайтын мемлекет, ұлт сондай. Менталитеті сондай. Кішкентай балалар арасындағы турнирлерде де бұларға ескерту жасайды, 13-14 жастағы балалары 7-8 голдан артық салмасын қарсылас қақпасына деп. Бірақ Кюрасао құрамасында ересек азаматтар ойнайды", деді Ермұхамед Мәулен.

29 days ago 11.06.2026
Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Португалия Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: УЕФА Португалияны чемпион қылуы тиіс
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.

Белгілі журналис, танымал комментатор Ермұхамед Мәулен Португалияның әлем чемпионы атануы мүмкін деген пікір білдірді:

"Оның барлығы саясат қой. Футболға саясат араласып кеткен деп бір нұсқа айтатын болсақ, УЕФА Португалияны чемпион қылуы тиіс. Өйткені текетірес керек, адамдарға қызық дискуссия керек. Футболдың мәңгі бақи қырғиқабақ екенін көрсету керек. Яғни, Месси әлем чемпионы болды ма, енді УЕФА көмектесіп, Португалияны чемпион қылу керек", – деді Ермұхамед Мәулен.

29 days ago 11.06.2026
Олжас Байбосын Криштиану Роналду Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Португалия
Олжас Байбосын: Криштиану Роналду шаршап қалған
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті Олжас Байбосын Криштиану Роналдудың жасы туралы әңгіме қозғады:

"Ол былай ғой. Шаршап қалған ғой (Криштиану), шал болып қалған ғой енді... Кезінде сөз жоқ, ең мықты футболист болды. Бірақ енді қазір ол ойнағысы келеді, мені неге шығармадың, неге аз уақыт бердің... Басталады ғой сондай мәселелер", – деді Олжас Байбосын.

29 days ago 11.06.2026
Ерсін Ерік Криштиану Роналду Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Португалия
Ерсін Ерік: Футболға махаббаты бар адам Португалияға жанкүйер болады
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.

Подкаст резиденті Ерсін Ерік мундиальда қай елге жанкүйер болатынын айтты:

"Футболға махаббаты бар адам, футболда әділеттілік іздейтін адам Португалияға жанкүйер болады. Испанияға неменеге жанкүйер боламыз? Олар болды ғой әлем чемпионы. Футболдың аңызы, Криштиану Роналду болу керек қой әлем чемпионы", – деді Ерсін Ерік.

29 days ago 11.06.2026
Олжас Байбосын Испания Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026
Олжас Байбосын: Испанияға жанкүйер боламын
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында Әлем чемпионаты қарсаңында превью жасалды.

Подкаст резиденті, танымал комментатор Олжас Байбосын әлем чемпионатында қай құрамаға жанкүйер болатынын айтты:

"Испания. Испания құрамасына жанкүйер боламын. Өйткені, көп жерде Испания чемпион болады деп айтып қойдым. Енді қазір басқаша сөйлесем, сәл дұрыс болмай қалады (күліп)", – деді Олжас Байбосын.

29 days ago 11.06.2026
Әлем чемпионаты ӘЧ ӘЧ-2026 Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: ӘЧ 48 команда қатысқаны қызық емес
Автор
Fonteam редактор
Автор

Әлем чемпионаты алдында Fonteam YouTube-арнасында кезекті подкаст шықты.

Эфирге оралған Ермұхамед Мәулен әлем чемпионатына қатысатын командалар саны көп деп санайды:

"Әрине көп. Командардың көп болғаны да дұрыс емес деп есептеймін. Тіпті, 32 команда болған кезде де кейбір матчар нашар өтетін. Бірақ сол сан негізі оптималды нұсқа еді", – деді Ермұхамед Мәулен.

35 days ago 05.06.2026
Чемпиондар лигасы ПСЖ Арсенал Әлімжан Асқар
Әлімжан Асқар: Гариэл – қорғаушы болғасын солай тепті
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Әлімжан Асқар Чемпиондар лигасының финалында пенальтиден мүлт кеткен Габриэл Магальяешке қатысты пікір білдірді:

"Габриэлді алатын болсақ, ол қорғаушы болғасын солай тепті. Бізге, Fonteam арнасына Бағдат Қайыров келгенде айтқан еді: "Мен қиыс тепкеніме өкінбеймін, себебі ол менің басты жұмысым емес".

35 days ago 05.06.2026
Чемпиондар лигасы Ерсін Ерік ПСЖ Арсенал
Ерсін Ерік: "Арсеналдың" құрамы салыстырмалы түрде басқа топтардан әлсіз
Автор
Ерсін Ерік
Автор

"Арсеналдың" құрамы салыстырмалы түрде әлсіз ғой. Жартылай финалдағы "Баварияны" қара, ПСЖ-ны қара. Жекелей тұрғыда да "Арсеналдың" құрамы әлсіз.

35 days ago 04.06.2026
Чемпиондар лигасы ПСЖ Арсенал Дидар Есімов
Дидар Есімов: Букайо Сака Усман Дембелемен бір деңгейде
Автор
Fonteam редактор
Автор

"Букайо Сака Усман Дембелемен ± бір деңгейде. Сака шабуылғада толыққанды шықпады ғой, қорғаныста болды. Жалпы, осы маусымы Букайоның жалпылай келгенде әлсіздеу. Бірақ, ойыншылардың классы бір деңгейде", – деді Дидар Есімов.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11