Олжас Байбосын Англияның қақпашысы Джордан Пикфордқа қатысты пікір білдірді:
"Пикфорд деген... Мынандай қақпашымен чемпион бола алмайды ау. "Эвертонда" тұратын қақпашы ғой бұл. Өткен жылдары "Эвертон" АПЛ-ден ұшып кетейін деп жүрді ғой. Алдында ЕУРО чемпионатында да жеңе алмады ғой.. айтады ғой, жақсы қақпашы - жарты команда деп. Доннаруманың кезінде мықты тұрған кезі ше? Сол неге ағылшындық болып туылмады екен деймін да осындайда", – деді Олжас Байбосын.
Олжас Байбосын әлем чемпионатының жартылай финалында кездесетін Аргентинамен Англияның ойыны триллерге толы болатынына сенімді:
"Тарихи матч, тарихи қарсылас қой бір-біріне. 1986 жылы Марадона қолмен ұрып жіберді ғой (допты). Содан басталды, 40 жыл болды. 2002-де Бэкхем пенальтиден гол соғып Аргентинаға, еңіріп жылаған еді ғой. Жалғасы болады, триллер", - деді Олжас Байбосын.
Олжас Байбосын Швейцарияның шабуылшысы Бреель Эмболоның қызыл қағазына қатысты пікір білдірді:
"Тағы да сол әңгіме болады: сол қызыл қағазды беріп жіберді, ФИФА сүйреді деген. Жалпы, Аргентинаның жартылай қорғаушылары таза провокаторлар ғой, тарихтан солай. Кезінде, 1998 жылы Давид Бэкхеммен Диего Симеоненің историясы болған еді ғой. Симеоне жатып алады да, ал Бэкхем провокацияға беріліп қойып, бетіне түкіріп жібереді да, қызыл қағаз алып кетеді. Тура солай, бірінші сары қағаз алған сәтте Эмболо мен Паредес бір-бірімен келісе алмай жүрді. Ақыр соңында, Паредеске сары қағаз алғызамын деп, симуляция жасап, өзі қызыл алып кетті Эмболо. Сол қызыл қағаз негізінен шешіп кетті деп ойлаймын. Әйтпесе, пенальтиге барып тұрған ойын еді", - деді Олжас Байбосын.
Олжас Байбосын Аргентина - Швейцария матчына қатысты өз пікірін білдірді:
"Аргентина кішкене шаршап қалған, байқаған болсаңыздар. Мессиға ойнай берді соңында. Месси де қашанғы сүйрей береді? 39-ғы мужик қой, соның сол аяғына қарап отырдық қой 120-минутқа дейін. Мессиге бермей, өздері тебе берсе болады ғой...", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Әлімжан Асқардың бірінші жартылай финалдық жұпта фаворит Франция ма деген сауалына былай жауап қатты:
"Әрине, әрине, Франция фаворит. Дәл біз айтып отырған минустар өте аз ол командада. Практически жоқ десекте болады. Өйткені, орталық алаңы да мықты, опорниктері де күшті. Тек, слабыйлау деген Адриен Рабьо ғана. Әйтпесе, Ману Коне бір өзі жетеді ғой негізі", – деді Ермұхамед Мәулен.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік Бельгия шабуылшысы Жереми Докудың ойынына көңілі толмағанын айтты:
"Доку деген бестолковый ойыншы екен. Осыған көзім жетті. Бір андай... бір пасы жоқ, бір соққысы жоқ. Әйтеуір теңселе береді, теңселе береді. Пайдалы іс әрекеттері жоқ. Жылдамдығы бар да, соған ақыл қосса... Былай қашады, былай қашады, бірақ бермей қояды допты. Азардай бола алмайды екен ақыры", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Испанияның ойынында мәселелер бар екенін атап өтті:
"Баяғы тики-така бар ғой Хавидың кезіндегі, ондай контроль жоқ қой қазір. Тоталды басқару жоқ ойынды. Қарсыласына да беріп қояды мүмкіндік шабуылдауға. Мерино екі ойын қатарынан соңғы минуттарда соғып кетіп жатыр ғой. Бұны кішкене фартқа жауып қоюға болады. Сәттілік қой бұл негізі", – деді Олжас Байбосын.
Fonteam YouTube-арнасында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік Ламин Ямалдың ойынына қатысты пікір білдірді:
"Соңғы уақытта Ламин Ямалдың ойынына қатты қанағаттанбай жүр едім. Өйткені, соңғы ойында Португалияға қарсы Нуно Мендеш оны жауап тастаған еді. Ал мына матчта Ламинге көп кеңістік беріліп қойды. Көп еркіндік, көп кеңістік беріп қойды бельгиялықтар. Соның нәтижесінде Ямал бүгін ойқастады. Ямалға ие бола алмағаннан кейін болды екен, әрі қарай қарсыластың қысымына төтеп беру қиын болады", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік әлем чемпионатының жартылай финалында кездесетін Франциямен Испания арасындағы матч финалдан да артық матч екенін атап өтті:
"Иә, енді финалдан артық матч болайын деп тұр ертерек. Бірақ, мына жақтан Англия, Норвегия немесе Аргентина шықса да, оңай ойын болмайды", – деді Ерсін Ерік.
Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Испания - Бельгия матчына қатысты өз пікірін білдірді:
"Тамаша ойын. Есеп 2:1 болды демесеңіз, толық басымдық испандарда болды. xG көрсеткіші бойынша... кез келген статистикалық көрсеткіш Испанияның сөзін сөйлеп тұр. Испанский футбол дейміз ғой.. шабуылға шығып кетуі оп-оңай, бір-бірімен пас алмасып қысымнан өтіп кетуі, прессингтен шығып кетуі керемет шынымен де", – деді Олжас Байбосын.