Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік Аргентина - Мысыр матчында болған даулы сәттерге қатысты өз пікірін білдірді:
"Салахтың фолына қатысты жанкүйерлердің уәжін түсінбедім. Көбісі Салахқа қатысты сәтте төреші не үшін ВАР қарамады деп жатыр. Анау пенальти болса білмеймін енді... Андай қит ете қалғанға пенальти берсе, ол футбол болмайды", – деді Ерсін Ерік.