Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Португалияның әлем чемпионатымен қош айтысуына қатысты пікір білдірді:
"Мен түсінбеймін. Мынау Криштиану Роналдудың фанаттары бар ғой... Фанат болғанына қарсы емеспін, фанат бола бер, бірақ әр жерге жазып кете берудің не керегі бар? Бірақ енді әр жерге барып жазып кетудің қажеті не? Тып-тыныш жата берсей үйде көріп. Футбол ғой ол. Бір күні мынау, бір күні анау ұтады. Өмірде ұтылмайтын команда болмайды ғой. "Арсеналдың" өзі ұтылды ғой 2004 жылы жеңілмей-жеңілмей келесі жылы. Түбі жеңіледі ғой. Футбол деген сол ғой. Бір команда жеңе беретін болса, біз футбол көрмейтін едік, волейбол көріп отыратын едік, баскетбол көрер едік", – деді Ермұхамед Мәулен.