Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Лионель Мессидің кезекті рет 11-метрлік нүктеден қиыс кеткені жайлы пікір білдірді:
"Лионель Мессиге пенальти тебуді қою керек негізі. Лаутаро Мартинеске, немесе Энцо Фернандеске бере салу керек. Басқа жігіттердің еңбегі бар, олар да әлем чемпионатында гол соқсын. Онсызда ойыннан соғып жатыр ғой Месси, мықты футболшы ғой", – деді Ермұхамед Мәулен.