Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Дидье Дешам тарихи рекорд орнатты

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам әлем чемпионаттарында теңдессіз жетістікке қол жеткізді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Дидье Дешам тарихи рекорд орнатты
Сурет: ашық дереккөздерден

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды жеңгеннен кейін, француз маманы мундиаль плей-офф кезеңінде 10-шы рет жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы бапкер атанды.

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында күресін жалғастырып жатыр, ал Дидье Дешам турнир тарихын қайта жазуда. 1/8 финалда Парагвайды тізе бүктірген бұл жеңіс француз бапкері үшін ерекше маңызға ие болды.

57 жастағы маман үшін бұл – әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңіндегі бас бапкер ретіндегі 10-шы жеңісі. Бұған дейін ешбір бапкер мұндай көрсеткішке жете алмаған еді.

Осылайша, Дешам мундиаль тарихында бұл межеден көрінген тұңғыш бапкер болды.

Дешам қазіргі дәуірдегі ең табысты құрамалардың бірін баптауда. 2018 жылы Франция оның басшылығымен әлем чемпионы атанды.

Төрт жыл өткен соң, 2022 жылғы әлем чемпионатында Франция финалға дейін жетіп, Аргентинаға жол берді. Жеңіліске қарамастан, ол турнир француз құрамасының тұрақты деңгейін және Дешамның ұлттық командалар арасындағы үздік бапкерлердің бірі ретіндегі статусын дәлелдей түсті.

Парагвайды жеңгеннен кейін, Франция құрамасы ширек финалда 9 шілде күні Марокко құрамасына қарсы алаңға шығады.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.