«Қайраттың» қос футболшысы КЛ-ның символикалық құрамынан орын алды
Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков пен қорғаушы Еркін Тапалов УЕФА Конференция лигасы төртінші турының символикалық құрамына енді.
Швециялық «Мьельбьюға» қарсы ойында жеті сейв жасап, қақпасын голдан аман сақтаған қазақстандық голкипер Sofascore статистикалық порталының нұсқасы бойынша 10,0 ұпаймен осы турдың үздік қақпашысы деп танылды.
Сондай-ақ «Мьельбюге» қарсы ойында жалғыз әрі жеңісті голды соққан Еркін Тапалов та үздіктер құрамынан табылды.
Темірлан Анарбеков Конференция лигасының төрт матчында 21 сейв жасап бұл көрсеткіш бойынша Йоханнес Крайдль (24), Федор Лапоухов (22), Радослав Маецкиден (22) кейінгі төртінші орынға жайғасты.
Тарихи жеңіс тіркелді
Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта «Қайрат» «Мьельбюді» 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде 5 ұпаймен 23-орынға көтерілді.
Конференция лигасындағы келесі ойынын алматылықтар өз алаңында румыниялық «Университатя» (Крайова) командасына қарсы өткізеді (10 желтоқсан).
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ