Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Бес күнде үш матч: «Барыстың» сырт алаңдағы ойындарға арналған құрамы жарияланды

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында кезекті сырт алаңдағы ойындар сериясына аттанды.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
3 минут оқу
Бес күнде үш матч: «Барыстың» сырт алаңдағы ойындарға арналған құрамы жарияланды
Сурет: ашық дереккөздерден

Михаил Кравец шәкірттері бес күн ішінде Санкт-Петербург, Нижнекамск және Екатеринбург қалаларында үш кездесу өткізеді.

Қазақстандық ұжым алдымен СКА командасымен кездеседі. Одан кейін «Нефтехимикпен» сынға түсіп, сапарын «Автомобилистке» қарсы ойынмен қорытындылайды. Бапкерлер штабы алдағы кездесулерге 26 хоккейшіні – үш қақпашы, сегіз қорғаушы және 15 шабуылшыны алып шықты.

Елордалықтар сырт алаңдағы ойындар алдында Череповецтің «Северсталь» командасын 2:1 есебімен жеңді. Осылайша астаналық клуб қатарынан үш кездесуде жеңіліс тапқан сәтсіз сериясын тоқтатып қана қоймай, алты ойын бойы жеңіске жеткен қарсыласының да қарқынын басты.

Қазіргі таңда «Барыс» 31 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр. Әсіресе, бір конференцияда өнер көрсететін «Нефтехимик» пен «Автомобилистке» қарсы кездесулер қазақстандық ұжым үшін маңызды болмақ.

«Барыстың» сырт алаңдағы ойындарға қатысатын құрамы

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Асетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семен Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Алдағы кездесулердің кестесі (Астана уақытымен):

• 27 қараша, 21:30 – СКА – «Барыс»;

• 29 қараша, 16:00 – «Нефтехимик» – «Барыс»;

• 1 желтоқсан, 19:00 – «Автомобилист» – «Барыс».

Елге оралған соң астаналық клуб 6 желтоқсанда Мәскеудің «Спартак» командасын қабылдайды. Жалпы, желтоқсан айында «Барыс» өз айдынында алты, сырт алаңда бір кездесу өткізеді.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.