Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Сотқа беремін»: Алаңға мас күйде шықты деп айыпталған төреші өз шындығын айтты

Азия Чемпиондар лигасының матчында мас күйде болған деген күдікке ілінген сириялық төреші Ханна Хаттабқа қатысты жаңа мәлімет жарияланды.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Сотқа беремін»: Алаңға мас күйде шықты деп айыпталған төреші өз шындығын айтты
Скриншот

Оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Джазира» және Иранның «Гол Гохар» клубтары арасындағы кездесуде болған. Матчтың бірінші таймында бас төреші бірнеше өрескел қателік жіберіп, тіпті ойын эпизодына қатысы жоқ «Әл-Джазира» қақпашысына сары қағаз көрсеткен. Осыдан кейін ирандық клуб өкілдері төрешінің мас болуы мүмкін екенін айтқан. Үзілісте Хаттабты басқа төреші алмастырды.

Төрешінің денсаулығы сыр берген

Алайда омандық спорт журналисі Иса Саидтің мәліметінше, сириялық арбитрдің оғаш әрекетіне ішімдік емес, денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Оның айтуынша, Бразилиядан ұзақ сапармен келген Хаттабтың қандағы қант деңгейі төмендеп, соның салдарынан зейіні мен ойынды бақылау қабілеті нашарлаған.

Сондай-ақ матчтан кейін жүргізілген медициналық тексеріс кезінде төрешінің қанынан алкоголь анықталмаған.

Ханна Хаттаб әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тағылған айыптарға жауап беріп, жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді.

«Дін де, ақыл да, адамгершілік те жала жабуға жол бермейді. Жалған ақпарат таратқан кез келген адаммен соттасамын», - деп жазды төреші.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.