Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Үш жылдан бері қарыз бар»: Бабаян «Астанадағы» қаржылық мәселелер туралы

Елордалық ұжым әлі де жекешелендіру процесінен әлі өткен жоқ.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Үш жылдан бері қарыз бар»: Бабаян «Астанадағы» қаржылық мәселелер туралы
Григорий Бабаян

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян клубтағы қаржылық қиындықтар мен футболшылар және бапкерлер штабы алдындағы жалақы қарыздары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.

«2024, 2025 және 2026 жылдардан қалған қарыздар бар. Биылғы маусымда футболшылардың бір тобына шамамен үш айдың, екінші тобына одан сәл көбірек жалақы берешек. Дегенмен бұл жерде клуб басшылығы мен спорт министріне алғыс айту керек – олар дер кезінде іске кірісіп, дәл сол қиын сәтте маусымды аяқтау үшін аса қажет болған үш айдың жалақысын төлеп берді. Түсініңіздер, ойыншылар күнкөріс жасауы керек, оған қоса отбасыларына ақша жіберуі тиіс және сонымен бірге алаңда нәтиже көрсетуі қажет», – деді Бабаян.

Еске сала кетейік, аяқталған 2026 жылғы Қазақстан премьер-лигасы маусымының қорытындысы бойынша «Астана» 30 матчта 54 ұпай жинап, чемпионатта үшінші орын алды және УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама иеленді. Сонымен қатар елордалық клуб ел Кубогы мен еурокубоктарда сәтсіз өнер көрсетіп, ұлттық Кубоктың 1/8 финалында және Конференция лигасының бірінші іріктеу раундында жарыстан шығып қалды.

Айта кетейік, қаржылық дағдарыс «Астананы» 2026 жыл бойы мазалады. Қыркүйек айында футболшылар жалақының үш айға кешігуіне байланысты клуб басшылығына ұжымдық үндеу жолдап, чемпионат матчтарына бойкот жариялауға дайын болған еді. Ал Бабаянның өзі мен команда көшбасшысы Марин Томасов бұған дейін көптеген ойыншылардың 100 мың теңге жалақыға ойнап жүргенін растаған болатын. Бұдан бөлек, ашық борышкерлер тізілімінің мәліметінше, клубтың елордалық спорт нысандарын басқаратын «MTEX Management» компаниясы алдында атқарушылық іс жүргізу бойынша 221 миллион теңгеден астам қарызы жиналып, соның салдарынан «Астананың» көлік құралдарына тыйым салынған.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.