Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Швецияда Темірлан Анарбековтің ойынына тәнті болды

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасының негізгі кезеңінде өз тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
Швецияда Темірлан Анарбековтің ойынына тәнті болды
Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК

Швецияның «Мьелльбю» клубына қарсы өткен кездесуде алматылықтар 1:0 есебімен басым түсті. Ал швед басылымдары бұл тарихи нәтиженің басты авторы ретінде қақпашы Темірлан Анарбековті атап отыр.

90 минут бойы қонақтар 23 жастағы қазақстандық қақпашының қақпасына 14 рет соққы бағыттағанымен, Анарбековтің шеберлігінен аса алмады. Матч барысында 7 сейв жасаған ол турнирдегі ең үздік 5 қақпашының қатарына енді.

Швециялық басылымдар Анарбековке жоғары баға берді:

  • Svenskafans.com: «Алынбас Анарбеков. Бізге тек соңғы нүкте жетіспеді. Бұл жолы сол шешуші тосқауыл – керемет матч өткізген 23 жастағы қазақстандық болды. Петтссон жеке-дара шыққан сәтте де, айып добынан кейінгі Юссеф пен Петтссонның қос соққысын да қатарынан қайтарды. Одан кейінгі Акидің соққысына да тамаша сейв жасады».
  • Aftonbladet.se: «Екінші таймда «Мьелльбю» есепті теңестіруге бірнеше рет жақын болды, бірақ «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков тамаша ойнап, қақпасын голдан аман алып қалды».
  • Fk.a2d.tv: «76-минутта таразы басын теңестіретін тамаша мүмкіндік туған еді, алайда шапшаң реакциясының арқасында Анарбеков әрдайым керек жерден табыла білді».

Ал «Мьелльбюдің» даниялық шабуылшысы Йеппе Кьер ойыннан кейін қазақстандық қақпашының шеберлігін ерекше атап өтті:

«Оған алғыс айту керек. Ғажап қақпашы екен. Бұл ойыннан көп сабақ аламыз, бірақ жасалған мүмкіндіктердің кем дегенде біреуін голға айналдыруымыз керек еді», - деді форвард blt.se басылымына берген сұхбатында.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.