Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Спартак» Самородовқа қызығушылық танытты: «Ахмат» сұранысты растады

Грозныйлық «Ахмат» клубының бас директоры Ахмед Айдамиров Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовқа Мәскеудің «Спартак» клубының қызығушылық білдіргенін растады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Спартак» Самородовқа қызығушылық танытты: «Ахмат» сұранысты растады
Максим Самородов. Фото: “Ахмат” ФК

Максим Самородовтың айналасында тағы да трансферлік әңгімелер қыза түсті. Бұған дейін журналист Иван Карпов Мәскеудің «Спартак» клубы 23 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы бойынша сұраныс жолдағанын хабарлаған еді.

Дереккөздің мәліметінше, «Ахмат» ойыншы үшін 10 миллион еуро сұраған. Алайда грозныйлық клуб бұл ақпаратқа қатысты нақты баға ешкіммен талқыланбағанын атап өтті.

«Ахмат» бас директоры Ахмед Айдамиров Самородовқа шынымен де қызығушылық бар екенін, әрі бұл тек «Спартактың» тарапынан емес екенін растады.

«Көптеген клубтар, тек „Спартак“ қана емес, қызығушылық танытты. Трансферге қойылған ойыншылар тізімінде ол жоқ. Бірақ клуб пен футболшыға қолайлы ұсыныс түссе, біз оны қарастырамыз», – деді Айдамиров.

«Ахматтың» бас директоры әлеуетті сатып алушылармен жүргізілген әңгіменің әзірге алдын ала сипатта болғанын түсіндірді.

«Бізден бірнеше клуб сұрады, бірақ бұл баға жайлы әңгіме болған жоқ. Ешкіммен баға талқылаған емеспіз, сұрақ риторикалық болды: мүмкін бе? Мүмкін. Осылай аяқталды», – деп толықтырды Айдамиров.

Еске салайық, Максим Самородов Грозныйдың «Ахмат» клубында өнер көрсетеді және өткен маусымда 23 жастағы шабуылшы 34 матч өткізіп, бес гол соғып, алты нәтижелі пас берген. «Ахмат» Самородовқа «Спартак» пен өзге де клубтардың қызығушылық білдіргенін растады, бірақ футболшының трансферге қойылмағанын ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.