Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Барыс» сырт айдында СКА-ны ірі есеппен жеңді

Астананың «Барысы» құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында СКА-мен кездесіп, 7:4 есебімен ойсырата жеңіске жетті.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Барыс» сырт айдында СКА-ны ірі есеппен жеңді
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойынның бірінші кезеңі қарқынды өтті. Есепті СКА ойыншылары ашқанымен (Егор Савиков, 9-минут), «Барыс» артынша екі шайбамен жауап қайтарды, гол авторлары: Томпсон мен Сәркенов. Дегенмен, кезең аяқталар тұста айдын иелері сапынан Глотов дәл соққысымен көзге түсіп, таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде СКА ойыншылары сылбыр ойнады. Осыны пайдаланған астаналық клуб қарсылас қақпасына тағы екі шайба соғып, таблодағы көрсеткішті 4:2-ге жеткізді. Гол авторлары: Масси мен Өмірбеков.

Үшінші кезеңде жанкүйерлер бес голға куә болды. Алдымен Сәркенов көзге түссе, артынша СКА сапынан Амир Нугманов есепті қысқартқан. Алайда, Кравец шәкірттері өздерін қуып жетуге мүмкіндік берген жоқ. «Барыс» 36-шы және 37-минуттарда тағы екі гол соғып, айдың иелерінің үмітін біржола үзді. Десе де, 60-минутта Никита Дишковский матчтағы соңғы шайбаны соғып, қорытынды есепке нүкте қойды.

Келесі ойынды астаналықтар 29 қарашада сырт айдында «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.