Жапония әлем чемпионаттары тарихындағы 1000-шы матчта Тунисті тас-талқан етті
Жапония құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчында Тунисті ірі есеппен жеңді.
F тобындағы кездесу әлем чемпионаттары тарихындағы 1000-шы матч ретінде тіркелді. Жапония футболшылары ойын барысында айқын басымдық танытып, қарсылас қақпасына жауапсыз төрт гол соқты - 4:0.
Жеңімпаздар сапында Даити Камада есеп ашса, Аясе Уэда дубль авторы атанды. Тағы бір голды Дзюня Ито өз еншісіне жазды.
Әлем чемпионаты-2026. F тобы. Екінші тур
Тунис - Жапония - 0:4
Голдар: Камада, 4 (0:1), Уэда, 31 (0:2), Ито, 69 (0:3), Уэда, 83 (0:4).
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ