Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Смақов – Әмір мен Абраевтың құрамаға шақырылуы туралы: бұл – оларға берілген бонус сияқты

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында бас бапкер Талғат Байсуфиновтың маусым айындағы жолдастық кездесулерге жас футболшыларды шақыру шешіміне қатысты өз ойын білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Смақов – Әмір мен Абраевтың құрамаға шақырылуы туралы: бұл – оларға берілген бонус сияқты
Коллаж

«Талғат Маруанұлының жас ойыншыларды осы матчтарға шақыруы оларға берілген бонус сияқты көрінеді. Бұл жастарға ұлттық құраманың не екенін, ондағы атмосфера мен жауапкершілікті сезінуі үшін жасалып жатыр. Жастар мен жасөспірімдер деңгейіндегі жауапкершілік – бүкіл ел көз тігіп отыратын ұлттық құрамамен салыстырғанда мүлдем бөлек дүние.

Меніңше, олар алдағы матчтарда міндетті түрде дебют жасайды. Бұл – ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізіп, өнер көрсету үшін өте қолайлы жас. Осындай жоғары деңгейде ойнау арқылы олар тезірек өсіп-жетіледі», – деді Смаков.

Сондай-ақ экс-капитан алдағы қарсыластармен өтетін спарринг-матчтардың маңыздылығына тоқталды:

«Ұлттар лигасы басталар алдында Армения мен Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулердің маңызы өте зор. Бапкерлер штабы кімнің неге қабілетті екенін, кімнің дайын тұрғанын тексеріп алуы керек, өйткені команданың алдына қойылған міндеттер өте жоғары», – деп мақұлдады экс-футболшы.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге «Астананың» 18 жастағы вингері Мақсат Абраев пен «Ордабасының» 19 жастағы форварды Жасұлан Әмірді алғаш рет шақырды.

Абраев ағымдағы маусымда елордалық клуб сапында 13 матч өткізіп, екі гол соқты және үш ассист жасады. Ал «Ордабасының» 19 жастағы шабуылшысы Жасұлан Әмір 15 ойынға қатысып, жеті гол және төрт нәтижелі паспен көзге түсті.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.