Дархан Қызайбай Жасұлан Әмірді "Челсиге" сатпайтынын мәлімдеді

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.05.26, 03:57
«Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев клуб тәрбиеленушісі — шабуылшы Жасулан Әмірдің ойынына баға беріп, оның болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Beksports.kz.
Дархан Қызайбай Жасұлан Әмірді "Челсиге" сатпайтынын мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев клуб тәрбиеленушісі — шабуылшы Жасулан Әмірдің ойынына баға беріп, оның болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Beksports.kz.

— Жасулан Әмір гол соқты, өзіңіз бұны күттіңіз бе?

— Жасулан Әмірді тек мен ғана емес, бүкіл халық күтіп жүрген шығар. Әр ойында ол пайдалы әрекет жасайды. Бүгін гол соқты, жарайсың, өте жақсы!

— Алматыда — Дастан Сәтпаев, Шымкентте — Жасулан Әмір. Бұлардың бәрі академия түлектері ғой. Егер академияны дамытса, осындай ойыншылар шыға береді.

— Әрине, әрине, басқаша қалай болсын.

— Сіздің ойыңызша, қазір академияда ұлттық құрамаға шақыруға лайық ойыншылар бар ма? Мысалы, Жасулан сияқты?

— Әрине бар. Қазір ойыншылар QJ League-тен шығып жатыр, Жасулан Әмір де сол лига арқылы келді. QJ League-те де жақсы өнер көрсетті. Қазір біз Жасулан Әмірді негізгі командадан көріп отырмыз, ол қазір де өзін көрсетіп жүр. Егер «Челси» ұсыныс жасаса, сатасыз ба? «Челсиге» сатпаймыз, Құдай қаласа, Жасулан Әмірмен бірге «Челсиді» өзіміз ұтамыз.

— Ал егер «Манчестер Юнайтед» шақырса ше?

— Егер «МЮ» шақырса... Шынымды айтсам, әзірге шақырған жоқ. Шақырса — ойланамыз! (күледі).

Айта кетейік, Әмір КПЛ-дің 8-турында «Ақтөбеге» қарсы матчта (90+4-минут) екінші голдың авторы атанды. 19 жастағы шабуылшы осы маусымда (УЕФА Жасөспірімдер лигасын қоса алғанда) 12 матч өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Ал биыл наурыз айында Қазақстанның U-21 жастар құрамасы сапында дебют жасады.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
18
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4