Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Арутюнян «Қайраттың» тарихи жеңісінен кейін Анарбековтің ойынын бағалады

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Жора Арутюнян Конференция лигасының жалпы кезеңінің төртінші турында швециялық «Мьельбюді» (1:0) жеңгеннен кейін Темірлан Анарбековтің ойынына жоғары баға беріп, кездесу барысында жасаған ойыншы ауыстыруларының себебін түсіндірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Арутюнян «Қайраттың» тарихи жеңісінен кейін Анарбековтің ойынын бағалады
Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК

Маман «Аталантаға» қарсы өткен еурокубоктік кездесуден кейін қақпашының сынға ұшырағанын, алайда сол матчта команданы бірнеше рет голдан құтқарғанын еске салды.

«Темірланның қанша сейв жасағанына қараңыздаршы. «Аталантамен» өткен матчтан кейін көпшілік оның қателігін талқылады. Алайда сол кездесуде команданы қанша рет құтқарғанын еске алғандар аз болды. Біздің клуб тәрбиеленушілерінің мінезі өте мықты. Тұяқбаев, Бекболат пен Мрынский ұлттық құрамалардан жеңіл жарақаттармен оралды, ал Тапалов бізге қажетті қарқында 90 минут бойы ойнай алмас еді. Алаңға тыңнан қосылған жігіттер қорғаныстағы міндеттерін толық орындап, ойынды өз қақпамыздан алыстатуға тырысты. Жанкүйерлерге, әсіресе 51-секторға ерекше алғыс айтқым келеді. Олардың қолдауын бүкіл матч бойы сезіндік», – деді Арутюнян.

Еске салайық, «Мьельбюге» қарсы кездесудегі жеңіс «Қайраттың» еурокубоктердің жалпы кезеңіндегі тарихи алғашқы жеңісі болды. Матчтағы жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқса, Темірлан Анарбеков қарсыластың жеті соққысын қайтарып, кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Алматылықтар Конференция лигасындағы келесі матчын 10 желтоқсанда өз алаңында румыниялық «Университатяға» қарсы өткізеді.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.