Қарызы 221 миллион теңге: «Астана» қаржылық қиындықтарға тап болды
Елордалық «Астана» футбол клубында қайтадан ірі қаржылық берешектер мен шектеулер тіркелді, деп хабарлайды «Дядя Ваня» телеграм-арнасы.
Контрагенттерді тексеру сервисінің деректеріне сәйкес, «Астана» футбол клубы» жеке мекемесі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімінде екі рет тіркелген. Клубтың жалпы берешегі 221 089 480 теңгені құрайды. Осыған байланысты елордалық команданың көлік құралдарына тыйым салынып, тіркеу және нотариалдық әрекеттерге шектеулер енгізілген.
Аталған атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушы – «MTEX Management» ЖШС. Компания елорданың бірқатар ірі спорт нысандарын, соның ішінде «Астана Арена» стадионын, «Барыс Арена» мен «Алау» мұз сарайларын және Barys Arena Pool бассейнін басқарумен айналысады.
Бұдан бөлек, соңғы 12 айда клуб жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 101 әкімшілік айыппұл алған. Олардың жалпы сомасы 668 213 теңгеге жеткен. Қазіргі уақытта аталған айыппұлдар төленбеген.
Айта кетейік, 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша «Астана» чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ