Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Флик «Сабахпен» өтетін матч алдында Ламин Ямальдың жағдайы туралы айтты

Испаниялық «Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында әзербайжандық «Сабахқа» қарсы сырт алаңдағы матчқа вингер Ламин Ямальдың дайындығы туралы пікір білдірді

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Флик «Сабахпен» өтетін матч алдында Ламин Ямальдың жағдайы туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден

Бапкердің айтуынша, жас футболшыны бұлшықет жарақаты мазалауда:

«Ол ойнауға дайын, бірақ бұлшықетіндегі мәселеге байланысты оған қатарынан екі матч өткізу қиынға соғуы мүмкін. Ол «Вильярреалға» қарсы соңғы кездесуде де, ертеңгі ойында да алаңға шыға алар еді.

Жарақаты аса ауыр емес және үлкен қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен толық қалпына келу үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Сондықтан ертең оның көмегінсіз ойнай алсақ, солай істегеніміз дұрыс болады. Ал егер қажеттілік туындаса, ол алаңға шығуға дайын», – деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, «Сабах» пен «Барселона» арасындағы кездесу сейсенбі, 25 қараша күні Баку Олимпиада стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:45-те (жергілікті уақытпен 21:45-те) басталады.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.