Нұркен Мазбаев "Ұлытаудағы" қызметін аяқтады
Жезқазғанның "Ұлытау" футбол клубы Нұркен Мазбаевпен әріптестігін аяқтағанын хабарлады.
54 жастағы қазақстандық маман команданы 2025 жылдың шілдесінен бері жаттықтырды.
Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ұлытау" Мазбаевтың жетекшілігімен барлық турнирде 44 матч өткізді. Жезқазғандықтар 12 рет жеңіске жетіп, 13 кездесуде тең ойнады және 19 матчта жеңілді.
Осылайша, команда Мазбаевтың тұсында өткізген матчтарының шамамен 27 пайызында жеңіске жетті.
Клуб жаңа бас бапкердің есімін әзірге жариялаған жоқ.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ