Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Мьельбю» «Қайратпен» матч қарсаңында Алматыға келді

Швециялық «Мьельбю» УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші туры аясында «Қайратқа» қарсы матч өткізу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Bollsvenskan.se басылымы.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Мьельбю» «Қайратпен» матч қарсаңында Алматыға келді
Сурет: ашық дереккөздерден

Скандинавиялық команда Қазақстанға дүйсенбі күні Копенгагендегі Каструп әуежайы мен Түркияның Ыстамбұл қаласы арқылы ауысып мініп аттанды. Жолдың бірінші бөлігі шамамен үш жарым сағатқа, екіншісі тағы бес жарым сағатқа созылды. Жалпы алғанда, Алматыға барып-қайту сапарында клуб делегациясы әуеде 18 сағатқа жуық уақыт өткізеді.

Қонақтар Қазақстанның оңтүстік астанасында ойын алдында екі күн болады. Команданың кері рейсі жұма күні таңертең ерте уақытқа жоспарланған.

«Мьельбю» өкілдері Қазақстанға жасаған ұзақ сапардан алған әсерлерімен бөлісті.

«Бәлкім, Қазақстанға енді ешқашан жолым түспес, сондықтан тек ләззат алу ғана қалды», – деді швециялық клубтың бас директоры Якоб Леннартссон.

«Командамен, жігіттермен бірге көп күн өткіземіз, сол себепті бұл сапарды жағымды саяхат ретінде қабылдаймыз», – деп қосты қорғаушы Аксель Норен.

Еске сала кетейік, УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші турындағы «Қайрат» пен «Мьельбю» арасындағы кездесу бейсенбі, 26 қараша күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 20:30-да басталады.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.