CAS шешім шығарды: Сенегал – Африка кубогының қайтадан иегері!
Спорттық арбитраждық сот (CAS) Африка ұлттары кубогының жеңімпазын анықтады.
Сот Сенегал футбол федерациясының шағымын қанағаттандырып, 1:0 есебін күшінде қалдырды. Осылайша, Африка футбол конфедерациясының апелляциялық комитеті сенегалдықтарға техникалық жеңіліс (0:3) жазалау туралы шешімінің күші жойылды. Бұл туралы соттың ресми сайтында хабарланды.
Финалдың 90+9-минутында төреші Жан-Жак Нгамбо Ндала Марокко құрамасының пайдасына пенальти белгіледі. Бұған наразылық білдірген Сенегал футболшылары алаңнан кетіп қалды. Үзіліс 15 минуттан астам уақытқа созылды. Кейін сенегалдықтардың капитаны Садио Мане командаластарын алаңға қайта оралуға көндірді.
Марокко құрамасының вингері Браим Диас 90+23-минутта пенальтиді сәтсіз орындады. Ол «паненка» әдісімен соққы жасап, допты қақпашы Эдуар Мендидің қолына дәл бағыттады.
Матчтағы жалғыз голды қосымша уақытта сенегалдық жартылай қорғаушы Пап Гейе соқты.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ