Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Ұлттық құрама шабуылда тағы бір ойыншыдан айырылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов команданың Ұлттар лигасының алдағы маусымындағы алғашқы екі кездесуіне қатыса алмайды.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
Ұлттық құрама шабуылда тағы бір ойыншыдан айырылды
Максим Самородов. Фото: ҚФФ

ҚФФ мәлімдемесіне сәйкес, грозныйлық «Ахмат» клубының форварды жарақатына байланысты командамен бірге Фарер аралдары мен Словакияға қарсы матчтарға барған жоқ. Әзірге ол Қазақстан құрамасының медициналық штабының бақылауында. Алдағы уақытта мамандар оның Фарер аралдары мен Молдоваға қарсы өз алаңымыздағы матчтарға қатыса алатынын анықтайды.

«Қазақстан футбол құрамасының ойыншысы Максим Самородов жарақатына байланысты УЕФА Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдары мен Словакия құрамаларына қарсы сырт алаңдағы матчтарға қатыспайды. Ойыншының Молдова мен Фарер аралдары құрамаларына қарсы өз алаңымыздағы матчтарға қатысуы әзірге белгісіз. Ол ұлттық құраманың медициналық штабының бақылауында. Максимге тезірек сауығып, ұлттық құрама сапына оралуын тілейміз!» — делінген ҚФФ мәлімдемесінде.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.