Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Дәрігерлер әзірге рұқсат бермей отыр»: Черчесов Самородовтың денсаулығы жайлы

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.08.26, 09:00
«Ахмат» клубының бас бапкері Станислав Черчесов Ресей Премьер-лигасының 5-туры аясында «Ростовқа» қарсы өтетін матч алдында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың не себепті ойынға қатыспайтынын түсіндірді.
«Дәрігерлер әзірге рұқсат бермей отыр»: Черчесов Самородовтың денсаулығы жайлы
Максим Самородов. Фото: “Ахмат” ФК

Черчесовтың айтуынша, қазақстандық футболшы балтыр бұлшықетінен жарақат алған және дәрігерлердің шешіміне байланысты матчты өткізіп алады.

«Біз өз мүмкіндіктерімізді көрсетіп, жеңіске жеткіміз келеді. «Ростовқа» қарсы ойындарымыз әрдайым қиын өтеді. Ең бастысы – жоспарлағанымыздың бәрін алаңда орындау. Ал Самородовқа келсек, оның балтыр бұлшықеті зақымданған. Дәрігерлер әзірге ойнауға болмайтынын айтып отыр», – деді Черчесов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Самородов «Ахматтың» бүгінгі өтініміне енген жоқ. Ал Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Ғалымжан Кенжебек өтінімде болғанымен, матчты қосалқы құрамда бастады.

Бұған дейін БАҚ-та Максим Самородовқа мәскеулік «Спартак» клубы қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)