Елордалық «Астананың» футболшылары белгіленген мерзімге дейін уәде етілген қарыздарын ала алмады. Осыған байланысты команда ҚПЛ-дің 26-туры аясында шымкенттік «Ордабасыға» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа бойкот жариялауы мүмкін.
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Елімай» командасын 4:0 есебімен жеңгеннен кейінгі команданың қазіргі жағдайына тоқталды.