Қарағандыда жаңа заманауи футбол стадионын салынбақ. Нысан "Шахтер" футбол клубының академиясына жақын аумақта бой көтереді. Бұл туралы Тимур Турлов Aman Vibe-қа берген сұхбатында хабарлады.
Жобаға жергілікті әкімдікпен қатар Freedom да қатысады. Жоспар бойынша жаңа арена футболға бейімделіп, Қарағандының климаттық жағдайын ескере отырып салынады. Басты ерекшеліктерінің бірі – жылжымалы шатыр.
"Қарағандының климатын ескерсек, мұндай шешім өте өзекті. Қазір шамамен 16 мың адамға арналған стадион жобаланып жатыр. Менің ойымша, бұл қала үшін оңтайлы нұсқа және алдағы бірнеше онжылдыққа жақсы негіз болады", – деді Тимур Турлов.
Қарағандыда салынып жатқан футбол академиясының құрамында да кемінде 4,5 мың орындық стадион қарастырылған. Ол негізінен "Шахтердің" жастар командасына арналған.
Сонымен қатар кешен аумағында бірнеше жаттығу алаңы мен жабық футбол манежі болады. Бұл - осы форматта жаңадан салынып жатқан алғашқы ірі футбол инфрақұрылымдарының бірі болмақ.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.