Команда ойыншылары үш айдан астам уақыт бойы жалақы алмағаны және алдағы матчтар мен жаттығуларға бойкот жариялауға дайын екені хабарланды. Бұл туралы "Серый CARDINAL" арнасы жазды.
Ақпаратқа сәйкес, "Жетісу" футболшылары бұған дейін Жетісу облысының әкіміне үндеу жасаған. Осыдан кейін команда ішінде наразылық күшейген.
"Ойыншылар үш айдан астам уақыт бойы жалақы алмаған. Футболшылар матчтар мен жаттығуларға бойкот жариялауға дайын", – деп мәлімдеді дереккөз.
Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында "Жетісу" әзірге 26 матч өткізіп, 22 ұпай жинады. Талдықорғандық клуб 10 қазанда сырт алаңда алматылық "Қайратпен" кездеседі.
Футболшылардың бойкот жариялау туралы шешімі бұл матчқа қатысуына әсер ете ме, әзірге белгісіз.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.