ҚПЛ-дың келесі маусымына жолдама алған командалар белгілі болды

Автор
Мағжан Сұлтанұлы
Автор
08.10.26, 15:21
Түркістандық "Тұран" Қазақстан Премьер-лигасына мерзімінен бұрын оралады.
ҚПЛ-дың келесі маусымына жолдама алған командалар белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

"Тұранның" жолдамасын бекіткен матч

Бірінші лиганың 24-турында қарағандылық "Шахтер" өз алаңында шымкенттік "Академия Оңтүстікті" 2:0 есебімен жеңді. Кездесуде Артем Литош дубль жасап, 50-ші және 79-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Бұл нәтиже "Тұранның" Премьер-лигаға шығуын қамтамасыз етті. Түркістандық команданың ең жақын бәсекелесі енді оны ұпай саны бойынша қуып жете алмайды.

"Академия Оңтүстіктің" мүмкіндігі неге қалмады?

Шымкенттік клуб 24 матчтан кейін 43 ұпаймен төртінші орында тұр. Команданың маусым соңына дейін өткізетін екі кездесуі қалды. Екеуінде де жеңіске жеткен күннің өзінде, ұпайы 49-дан аспайды.

Ал үшінші сатыдағы "Тұран" 23 ойында 50 ұпай жинаған. Сондықтан түркістандықтар қалған матчтардың нәтижесіне қарамастан, жоғары дивизионға жолдама алды.

"Қайрат-Жастар" ҚПЛ-ға көтеріле алмайды

Турнир кестесінде 56 ұпай жинаған "Қайрат-Жастар" екінші орында келеді. Бірақ алматылық "Қайраттың" фарм-клубы болғандықтан команда Қазақстан Премьер-лигасына көтерілу құқығына ие емес.

Осылайша "Тұран" – ҚПЛ-2027 маусымына жолдама алған екінші клуб. Бұған дейін қарағандылық "Шахтер" де элитаға оралуын мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен еді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.10.26, 15:21

Оқылып жатыр

Қазақстан жаңалықтары
08.10.26, 10:39
Қарағандыда 16 мың орындық жаңа стадион салынады
Қазақстан жаңалықтары
08.10.26, 09:37
Дастан Сәтпаев "Бернлиде" жаттығуға кірісті
Қазақстан жаңалықтары
08.10.26, 08:35
"Жетісу" футболшылары бойкот жариялауға дайын

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22