Бұл екі клуб үшін де тарихтағы алғашқы еурокубоктық трофейге қол жеткізу мүмкіндігі болды.
Ойынның бірінші жартысы шабуылдарға аса бай болған жоқ, алаңда ешқандай қызықты сәттер орын алмады. Сондықтан, алғашқы таймнан кейінгі нөлдік тең есеп – заңды нәтиже еді.
Ал екінші 45 минутта ағылшын командасы ойынды қолға алып, белсенділігін күрт арттырды.
51-минутта Жан-Филип Матета Оливер Гласнердің командасын алға шығарды. Дереу арада «құзғындар» есепті еселейтін бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ қарсылас қақпасының бағаналарын бірнеше рет шайқаумен шектелді.
Ойынның қалған бөлігінде екі команда да гол соғуға жақын болды, алайда есеп өзгермеді. Осылайша, «Пэлас» клуб тарихындағы алғашқы еурокубок жеңісіне қол жеткізді. Ал Гласнер командадан көңілді күйде қоштасты.
УЕФА Конференциялар лигасы
финал
«Кристал Пэлас» – «Райо Вальекано» 1:0
Гол: Матета, 51
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.