Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Кристал Пэлас» клубы тарихындағы алғашқы еурокубокты жеңіп алды

27-нен 28 мамырға қараған түні Лейпцигтегі «Ред Булл Аренада» ағылшындық «Кристал Пэлас» пен испаниялық «Райо Вальекано» УЕФА Конференциялар лигасының финалында кездесті.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Кристал Пэлас» клубы тарихындағы алғашқы еурокубокты жеңіп алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл екі клуб үшін де тарихтағы алғашқы еурокубоктық трофейге қол жеткізу мүмкіндігі болды.

Ойынның бірінші жартысы шабуылдарға аса бай болған жоқ, алаңда ешқандай қызықты сәттер орын алмады. Сондықтан, алғашқы таймнан кейінгі нөлдік тең есеп – заңды нәтиже еді.

Ал екінші 45 минутта ағылшын командасы ойынды қолға алып, белсенділігін күрт арттырды.

51-минутта Жан-Филип Матета Оливер Гласнердің командасын алға шығарды. Дереу арада «құзғындар» есепті еселейтін бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ қарсылас қақпасының бағаналарын бірнеше рет шайқаумен шектелді.

Ойынның қалған бөлігінде екі команда да гол соғуға жақын болды, алайда есеп өзгермеді. Осылайша, «Пэлас» клуб тарихындағы алғашқы еурокубок жеңісіне қол жеткізді. Ал Гласнер командадан көңілді күйде қоштасты.

УЕФА Конференциялар лигасы

финал

«Кристал Пэлас» – «Райо Вальекано» 1:0

Гол: Матета, 51

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz