«Португалияны есептемегенде, барлық командамен ойнауға болады, тіпті олармен де тартысты матч күтуге болады. Футболдың тағы бір рет көрсеткені — қазір бәрі ойынға, қорғанысқа жақсы дайындалады. Егер команда сауатты қорғанса, оны бұзу өте қиын. Өзбекстан — біздің көрші, бауырлас ел, біз де олар үшін жанкүйер боламыз. Олар осыдан 10 жыл бұрын футболға инвестиция сала бастады, базалар мен стадиондар тұрғызды, енді оның жемісін көріп отыр. Қазақстанда да академиялар, стадиондар салынуда. Жылдам нәтиже күтудің қажеті жоқ», - деп бөлісті Самат Смақов.
Айта кетейік, Өзбекстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысқалы отыр. Топтық кезеңде олар Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасымен кездеседі.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.