Жақын матчтар
ҚФФ төрешілер корпусының басшысы Нуну Каштру ҚПЛ 25-турының орталық матчына барады
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру премьер-лиганың 25-туры аясында өтетін «Оқжетпес» пен «Ордабасы» арасындағы кездесуге қатысу үшін Көкшетауға бармақ.
Бұл матчтың бас төрешісі болып өскемендік Александр Затула тағайындалды. Оған Амангелді Жүсіпов (Тараз) пен Мансұр Сайдулаев (Қарағанды) көмектеседі.
Сонымен қатар маңызды бәсекені ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип те стадионнан тамашалайды.
Көкшетау мен Шымкент ұжымдары арасындағы кездесу «Оқжетпес» стадионында өтеді және 25-турдың орталық матчы болмақ.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ