Матчтан кейін бас бапкер Самат Смақов ойынды жан-жақты бағалап, қорғаныс шебіндегі өрескел қателіктерге шүйлікті.
«Бірінші гол – баяғыдан келе жатқан мәселе. Бес секундта гол өткізіп аламыз. “Қалай болмасын, шабуылды тоқтатыңдар!” дедім. Тыңдамады. Екінші гол – үш орталық қорғаушының артында Чинеду қашып шығып кетті. Бұрын ондай қорғаушыларды атып тастайтын...», – деді Смақов шын көңілімен.
Соған қарамастан, бапкер шәкірттерінің жанқиярлығын атап өтті. «Астананың» деңгейін ескеріп, ойынға қатаң дайындық жүргізілгенін, жас ойыншылардың барын салғанын айтты.
«Жетісу» қатарынан екінші ойында жеңіліп отыр. Ал «Астана» үш ұпаймен көшбасшылар қатарында қалды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.