Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Үш әлемдік рекорд: "Арсеналдың" жас жұлдызы Гиннес кітабына енді

Ағылшын футболшысы қысқа уақыт ішінде Премьер-лига мен Чемпиондар лигасында бірнеше тарихи көрсеткіш тіркеді.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
Үш әлемдік рекорд: "Арсеналдың" жас жұлдызы Гиннес кітабына енді
Сурет: ашық дереккөздерден

Лондондық "Арсеналдың" жас жартылай қорғаушысы Макс Доуманға Гиннестің рекордтар кітабына енгенін растайтын бір емес, үш сертификат табысталды.

Доуман алғаш рет 2025 жылдың тамызында "Лидске" қарсы матчта алаңға шығып, 15 жас 235 күнінде Премьер-лигадағы дебютін өткізді. Соның арқасында турнир тарихындағы ең жас екінші ойыншы атанды. 

Чемпиондар лигасындағы ең жас ойыншы

2025 жылдың қарашасында Праганың "Славиясына" қарсы кездесуге қатысып, 15 жас 308 күнінде Чемпиондар лигасында ойнаған ең жас футболшы атанды. Осылайша, ол бұған дейін дортмундтық "Боруссия" ойыншысы Юссуфа Мукокоға тиесілі болған рекордты жаңартты.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың наурызында Доуман "Эвертонға" қарсы матчта гол соғып, тағы бір тарихи жетістікке жетті. Ол 16 жас 73 күнінде Премьер-лига тарихындағы ең жас гол авторы атанды.

Бұл рекорд 2005 жылдан бері "Эвертонның" бұрынғы ойыншысы Джеймс Вонға тиесілі еді.

Премьер-лиганы жеңген ең жас футболшы

2026 жылдың мамырында Макс Доуман тағы бір рекорд жаңартты. "Арсеналмен" бірге чемпион атанған футболшы 16 жас 139 күнінде Премьер-лиганы жеңген ең жас ойыншы болды. Осы көрсеткіш бойынша ол "Манчестер Ситидің" футболшысы Фил Фоденнің бұрынғы рекордын бұзды.

Оның рекордтары енді 2027 жылғы Guinness World Records басылымында ресми түрде көрсетіледі.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.