«А» әріпін көрсеттім»: Еркін Тапалов қоштасу матчындағы голын сүйіктісіне арнады
Алматылық «Қайрат» қорғаушысы Еркін Тапалов Конференция лигасының 4-турында швециялық «Мьельбю» қақпасына гол соқты.
Ойыншы голды неге ерекше атап өткенін түсіндірді.
"Бұл қимылдың астары көп шығар, себебі бүгін менің «Қайрат» жейдесіндегі соңғы ойыным болды. Гол соғу бақыты бұйырды. Биыл көбіне нәтижелі пас беріп жүрдім, доп соқпаған едім. Бүгін Аллаға шүкір, гол соғудың сәті түсті. Бұл қуанышымды сүйіктіме арнадым, «А» әріпін көрсеттім. Ал қалғанын футбол айналасында жүргендер жақсы біледі", - деді Тапалов.
33 жастағы қорғаушы алматылық клубтағы соңғы матчын өткізді. Ол «сары-қаралар» сапында екі маусым өнер көрсетіп, барлығы 39 матчқа қатысты (1 гол, 6 нәтижелі пас).
Осы жеңістен кейін «Қайрат» қоржынындағы ұпай санын беске жеткізіп, турнир кестесінде 15-орынға көтерілді. Жора Арутюнян жаттықтыратын команда Конференция лигасындағы келесі ойынын 10 желтоқсанда Алматыда румыниялық «Университатя Крайова» клубына қарсы өткізеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ