Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Реал» Винисиусты сатып, Холандты қатарға қоспақ

«Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Гари Невилл «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд таяу уақытта «Реал Мадридтің» ойыншысы атанатынына сенім білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Реал» Винисиусты сатып, Холандты қатарға қоспақ
Сурет: ашық дереккөздерден

Оның пайымдауынша, бұл трансферді жүзеге асыру үшін «корольдік клуб» бразилиялық вингер Винисиус Жуниормен қоштасуы ықтимал.

"Эрлинг Холанд ең көп дегенде 18 айдан кейін «Реалға» барады деп ойлаймын, тіпті осы маусымның соңында да ауысуы мүмкін. Винисиус «Реалдан» кетіп, Килиан Мбаппе сол қапталға ойысса, ал Холанд орталық шабуылшы рөлін атқарса, бұл әбден мүмкін жағдай", – деп келтіреді Невилдің сөзін The Touchline.

26 жастағы норвегиялық сұрмерген «Манчестер Сити» сапында 2022 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді — ол ағылшын клубына дортмундтық «Боруссиядан» 60 миллион еуроға ауысқан еді.

2025 жылдың қаңтарында Холанд «қалалықтармен» 2034 жылдың жазына дейін есептелген рекордтық келісімшартқа қол қойды. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 16 ойын өткізіп, 14 гол соқты.

Ал Винисиус Жуниор 2026 жылдың тамызында «Реалмен» арадағы келісімшартын 2032 жылдың 30 маусымына дейін ұзартқан болатын.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.