Бұған дейін Бэйл бастаған консорциум клубты сатып алуға ресми түрде қызығушылық білдіргені хабарланған еді.
«Біз «Кардиффті» иеленуге шын ниеттіміз. Бұл — мен өскен қала, әрі менің нағашым кезінде осы клубтың намысын қорғаған. Мен үшін бұл клуб ерекше маңызға ие.
Команданың бір бөлігі болып, оны дамытып, қайтадан Премьер-лигаға қайтаруға атсалысқым келеді. «Кардифф» – дәл сол деңгейге лайық клуб.
Біздің жанкүйерлер керемет, олар әрқашан қолдау көрсетуге дайын. Сол үшін клубты жаңа деңгейге шығару – мен үшін үлкен арман.
Қазір «Кардифф» басшылығымен байланыс орнатып жатырмыз. Жақын арада бұл жөнінде нақты жаңалықтар болады деп сенемін», – деді Бэйл.
Айта кетейік, өткен маусымда «Кардифф Сити» Чемпионшип турнирінің соңғы сатысында қалған болатын.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.