«Ақтөбе» басты жұлдызымен қоштасуы мүмкін
Нигер құрамасының шабуылшысы Даниэль Соса «Ақтөбеден» кетуі мүмкін.
БАҚ-та тараған ақпаратқа қарамастан, «Ақтөбе» футболшының өкілдеріне 2027 жылдың шілдесінде аяқталатын келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс жасамаған. Сонымен қатар, шабуылшы рөлін де атқара алатын 28 жастағы вингердің қысқы трансферлік терезеде клуб ауыстырмауы да әбден мүмкін.
Еске сала кетейік, өткен ҚПЛ маусымында Даниэль Соса 21 матч өткізіп, сегіз гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. 2025 жылы қазақстандық клубқа ауысқанға дейін Нигер құрамасының көшбасшысы беларусьтік «Ислочь» пен украиналық «Кривбасс» сапында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» легионер Иван Ордецпен жаңа келісімшарт жасасқанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ ресейлік-тәжікстандық бапкер Игорь Черевченко өз қызметінде қалды.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ