Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Ордабасының» экс-бапкері румыниялық клубтың ұсынысынан бас тартты

«Ордабасының» бұрынғы бас бапкері Андрей Мартинге «ЧФР Клуж» басшылығы команда тізгінін ұсынды, деп хабарлайды румыниялық GSP порталы.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
1 минут оқу
«Ордабасының» экс-бапкері румыниялық клубтың ұсынысынан бас тартты
Андрей Мартин

Румыниялық клуб Мартин мырзаны Мариус Шумудикэнің орнын басатын үміткер ретінде қарастырған. Алайда молдовалық маман бұл ұсыныстан бас тартыпты.

Шумудикэ 21 қарашада «Оцелулға» қарсы өткен матчтан (3:2) кейін жеке себептерге байланысты клубтан кететінін мәлімдеді. «ЧФР Клуж» өкілдері Андрей Мартинмен осы матчтан бірнеше күн бұрын байланысқа шыққан екен.

Мартин «Ордабасыдағы» жұмысын аяқтады

Андрей Мартин бірнеше апта бұрын келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Ордабасы» клубынан кеткен болатын. Шымкенттік командамен бірге Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогын жеңіп, алтын дубль жасаған маман әзірге жұмыссыз жүр.

Молдовалық маман бұған дейінгі сұхбаттарында бапкерлік мансабын Қазақстанда жалғастырғысы келетінін бірнеше рет айтқан болатын.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.