«Сабах» бапкері Стас Покатиловтың «Барселонамен» матчқа дайындығы туралы пікір білдірді
Әзербайжанның «Сабах» клубының бас бапкері Валдас Дамбраускас Чемпиондар лигасы аясында Испанияның «Барселонасына» қарсы өтетін матч қарсаңында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловтың физикалық жағдайына қатысты пікір білдірді.
Журналистермен әңгіме барысында қазақстандық тілші қақпашының алдағы кездесуге қаншалықты дайын екенін сұрады. Ол бұл сұрақтың команданы қолдау үшін келген қазақстандық жанкүйерлерді алаңдатып отырғанын атап өтті.
«Меніңше, бұл туралы Стас өзінен сұрағаныңыз жөн. Бірақ ол жаттығуын жалғастырып жатыр және ойынға дайын. Неге алаңдауыңыз керек? Денсаулығы жақсы, физикалық тұрғыдан бабында, сондықтан алаңға шығады. Ал өзін қалай көрсететінін көре жатармыз», - деп жауап берді «Сабах» бапкері.
Еске салайық, Бакудегі кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Төрт турдан кейін «Барселона» тоғыз ұпай жинады, ал «Сабахтың» еншісінде үш ұпай бар.
Өткен турда каталондық клуб өз алаңында Англияның «Астон Вилласын» 3:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Ал әзербайжандық команда сырт алаңда Норвегияның «Викингінен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ