Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Роналдудың пенальтиі мен Феликстің голы «Аль-Насрға» жеңіс сыйлады

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубы Азия Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі бесінші турда Катардың «Аль-Садд» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Роналдудың пенальтиі мен Феликстің голы «Аль-Насрға» жеңіс сыйлады
Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Кездесуде есепті алаң иелері жылдам ашты. 13-минутта Криштиану Роналду пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Бұл португалиялық жұлдыздың кәсіби мансабындағы 987-голы болды.

Алайда арада тоғыз минут өткенде қонақтар сапынан Мохаммед Ваад таразы басын теңестірді. Бірінші таймның қосымша уақытында (45+2-минут) ол тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Сан басымдығын пайдаланған «Аль-Наср» екінші таймда шабуылды үдете түсті. Нәтижесінде 52-минутта Жоау Феликс мергендік танытып, саудиялық клубқа жеңіс сыйлаған голды соқты. Қалған уақытта «Аль-Садд» есепті өзгерте алмады.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мансабында клубтық деңгейде 841 гол соққан. Оның 139-ы «Аль-Наср» сапында тіркелген. Ал Португалия құрамасы үшін 146 рет мергендік танытқан.

Осы жеңістен кейін «Аль-Наср» Батыс аймағының турнир кестесінде төрт ойыннан кейін тоғыз ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Ал бес кездесуде екі ұпай жинаған «Аль-Садд» 14-сатыда тұр.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.