Мақалалар
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қазақстанның жасөспірімдері Еуро-2027 іріктеуде бірінші орын алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің бірінші раундын сәтті аяқтап, 14-топта бірінші орынға ие болды.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
Қазақстанның жасөспірімдері Еуро-2027 іріктеуде бірінші орын алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Кутаисиде өткен шешуші матчында Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері алаң қожайындары – Грузия құрамасымен тең ойнады (1:1). Андрия Очигаваныӊ 42-минутта соққан голына қазақстандықтар 87-минутта Әли Садырбаевтың соққысымен жауап беріп, маңызды ұпайды еншіледі. Еске сала кетейік, іріктеудің басында біздің команда Австрияны 7:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Төрт ұпай жинаған Қазақстан құрамасы өз квартетінде көш бастап, көктемде өтетін іріктеудің екінші кезеңінің А Лигасына жолдама алды. Еуропа чемпионатының финалдық сатысы Латвияда өтеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.